
ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы Жанат Элиманов мемлекеттік және құқық қорғау қызметінде мінсіз еңбегі мен міндеттерді үлгілі орындаумен көзге түскен Комитет қызметкерлерін марапаттады.
Жанат Қалдыбекұлы Комитеттің 5 қызметкеріне Мемлекет басшысының атынан мемлекеттік марапаттар - «Ерен еңбегі үшін» медалін, «Құрмет» орденін және Құрмет грамотасын табыстады.
52 қызметкер, соның ішінде қаржы мониторингі органдарының 2 ардагері ҚР Қаржы министрлігінің алғыс хаттары мен Құрмет грамоталарына ие болды.
Одан басқа, Комитет төрағасының бұйырығына сәйкес орталық аппарат пен аумақтық департаменттердің 100-ден астам қызметкері үлгілі еңбегі мен жұмыстағы қол жеткізген жоғары жетістіктері үшін ведомстволық марапатпен марапатталды.