Алматы облысында кафелердің бірінде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған

Алматы облысында кафелердің бірінде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында Алматы облысының аумағында заңсыз ойын қызметін ұйымдастыру фактісін анықтады.

Сонымен, кафелердің бірінде, "покер" ойнауға арналған екі ойын үстелін орнатумен заңсыз ойын әрекетін ұйымдастырған.

Тексеру барысында екі ойын үстелі, фишкалар, карталар, ақша қаражаты және т. б. табылып, тәркіленді.

Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.