
Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментімен «Стоп - игра» шеңберіндегі жедел-профилактикалық іс шара барысында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактілерінің алдын-алу және жою мақсатында жұмыстар жалғасуда.
Сонымен, осы ағымдағы жылдың қазан және қараша айында букмекерлік контор түрінде заңсыз ойын бизнесін жүргізген 3 ойынхана анықталып, олар бойынша ҚР ҚК-нің 307 бабына сәйкес 3 қылмыстық іс тіркелген болатын.
Казіргі уақытта аталған қылмыстық істер сотта қаралып, нәтижесінде аталған 3 қылмыстық іс бойынша айыптау үкімдері шығарылды.
Атап айтқанда, Ақтөбе қаласы № 2 соттың үкімі бойынша Ақтөбе қаласының ойын-сауық кешендерінің бірінде жасырын ойынханасын ұйымдастыру фактісі бойынша қала тұрғыны айыпты деп танылып, оған жаза ретінде 200 АЕК айыппұл тағайындалды. Қылмыс құралы ретінде танылған (түрлі номиналды фишкалар, ойын карталары, покер кілемі) мүліктері тәркіленіп алынды.
Сонымен қатар, Ақтөбе қаласы №2 соттың үкіміне екі азамат кінәлі деп танылып, оларға жаза ретінде 6 айдан бастап 1 жылға дейінгі мерзімде бас бостандығынан айыру жазасы қолданылып, қылмыс құралы ретінде танылған (системалық блоктар, мониторлар, ойын терминалдары, видео регистраторлары және т.б) мүліктері тәркіленді.
Аталған бағытта жұмыс жалғасуда.