
2020 жылғы 10 желтоқсанда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Құқық қорғау органдары бөлімшелері басшылары комитетінің 21-ші отырысы бейнеконференция форматында өтті.
Отырысқа Әзірбайжан, Армения, Беларуссия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның кедендік қылмыстармен күрес саласындағы уәкілетті органдарының құқық қорғау бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлері қатысты.
Бұл отырысқа ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Экономикалық тергеу қызметіне жетекшілік ететін төрағаның орынбасары қатысты.
Отырыс барысында экономикалық контрабанда, кедендік төлемдерден жалтару және есірткі контрабандасы сияқты кедендік қылмыстармен күрес саласындағы ынтымақтастықтың басым бағыттарын анықтайтын ішкі істер органдары басшылары комитетінің 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясы бекітілді.
Стратегия Достастық елдерінің уәкілетті құқық қорғау органдарының ТМД кеңістігінде экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі күш-жігерін шоғырландыруға арналған.
Сондай-ақ, ТМД Құқық қорғау органдары басшылары комитетінің 2021 жылға арналған жұмыс жоспарына қол қойылды.
Жоспарға халықаралық нормативтік құқықтық базаны жетілдіруге, қылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекетаралық бағдарламаларды іске асыруға, қызметтің басым бағыттары бойынша бірлескен іс-шаралар мен арнайы операцияларды өткізуге, сондай-ақ контрабанданың ықтимал фактілері туралы белсенді ақпаратпен алмасуды ұйымдастыруға бағытталған ұйымдастырушылық және практикалық шаралар кіреді.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар оның нәтижелі мен сындарлы сипатын атап өтті.
Комитет жүргізетін жұмыс көпжақты ынтымақтастықты дамытуға және экономикалық қылмыстармен күресте ведомствоаралық байланыстарды жандандыру үшін қосымша мүмкіндіктер жасауға бағытталған.