
Қазақстанның 2021 жылы ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы (АЖ/ТҚҚ) іс-қимыл жөніндегі халықаралық стандарттарға сәйкестігін өзара бағалау шеңберінде Алматы қаласында 2020 жылғы 7-9 желтоқсанда «Терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша Қазақстан Республикасының қаржылық ұйымдары мен қадағалау органдарының әлеуетін арттыру» атты оқу семинары өтуде.
Тренингті БҰҰ Есірткі және қылмысқа қарсы күрес басқармасы ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетімен бірлесе отырып, АЖ/ТҚҚ саласындағы ұлттық және халықаралық сарапшылармен бірлесіп әзірледі. Семинар гибридті форматта онлайн және оффлайн режимінде ҚР Ұлттық Банкінің, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, сондай-ақ Қазақстанның барлық екінші деңгейлі банктері өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылды.
Тренингтің негізгі мәселелері - қаржы институттарының терроризмді қаржыландырудың тәуекелдерін бағалау және түсіну, терроризмді қаржыландыру типологиясы, коммерциялық емес ұйымдарды қылмыстық мақсатта пайдалану тәуекелдері. Семинардың негізгі миссиясы - елдегі қаржы институттары деңгейінде терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылды тиімді үйлестіру.