Алматы облысында 12 тоннадан астам спирт өнімін заңсыз тасымалдаған

Алматы облысында 12 тоннадан астам спирт өнімін заңсыз тасымалдаған

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері Алматы облысы МКД және Қарасай ауданы ПБ ЖПҚ УПИ-мен бірлесіп жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Қарасай ауданының аумағында тиісті рұқсат құжаттарынсыз акцизделетін өнімдерді тасымалдау және сақтау фактісі бойынша Алматы облысының тұрғынын ұстады.

Сондай-ақ, 12,2 тонна көлемінде ерекше иісі бар спирттің сұйықтықпен "Вольво" маркалы автокөлігі ұсталды.

Тергеу амалдары жүргізілуде.