Алматы облысында заңсыз ойын бизнесінің қызметі құрықталды

Алматы облысында заңсыз ойын бизнесінің қызметі құрықталды

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде, Алматы облысының аумағында заңсыз ойын қызметін ұйымдастыру фактілерін анықтады.

Мәселен, Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында орналасқан азық-түлік дүкенінің жер төлесін тексеру барысында 13-тен астам аппарат көлемінде ақшалай сыйақымен ойын бизнесіне арналған көптеген компьютер техникалары тәркіленді.

Қазақстан Республикасының "Ойын бизнесі туралы" Заңының 11 бабына сәйкес - казино мен ойын автоматтары залдары, Алматы облысында Қапшағай су қоймасының жағалауында және Ақмола облысының Щучинск ауданында орналастырылуға жатады.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.