Қаржы мониторингі комитеті төрағасының ҚР Тұңғыш Президент күнімен құттықтау сөзі

Қаржы мониторингі комитеті төрағасының ҚР Тұңғыш Президент күнімен құттықтау сөзі

Құрметті әріптестер!

Қадірлі достар!

Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіз Қазақстанның тарихы мен теңдессіз жетістіктерге қол жеткізуінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың алатын орны ерекше.

Елбасының көреген саясаты мен жаһандық бастамалары арқасында бүгінде егемен Қазақстан  бүкіл әлемге сапалы экономиканың  өсімнің, қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықтың өнегелі үлгісін көрсетіп келеді.

Осы айтулы мерекеде баршаңызға зор денсаулық, баянды табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін!

Ізгі ниетпен, Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы Элиманов Жанат Қалдыбекұлы