
1991 жылғы 1 желтоқсанда алғашқы жалпы халықтық сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайлауға қатысушылардың 98,7 пайызының қолдауына ие болып, Қазақ КСР Президенті болып сайланды.
Еліміздегі Президент институтының қалыптасуы 2012 жылдан бастап мерекеленетін 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мерекесі болып бекітілуіне тарихи алғышарт пен негіз болды. 2008 жылғы сәуірде Қаржы мониторингі комитетінің құрылуы ҚР Тұңғыш Президентінің жеке тапсырмасы негізінде іске асты.
2009 жылғы 28 тамызда Елбасы 2010 жылғы 9 наурызда әрекет ете бастаған «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына қол қойды.
Осы Заңмен бірге Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстанның 26 әрекеттегі заңына өзгерістер енгізуге бастама жасады.
Осылайша, Елбасы ұлттық қаржы мониторингі жүйесінің қалыптасуына зор үлес қосты.