Ақшаны жылыстату мен терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы (АЖ/ТҚҚ) Халықаралық желілік институтының «Әлемдік және ұлттық қауіпсіздікті күзететін АЖ/ТҚҚ жүйесі: құқық, экономика синтезі және IT» атты VI жыл сайынғы ғылыми-практикалық конференциясы

Ақшаны жылыстату мен терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы (АЖ/ТҚҚ) Халықаралық желілік институтының «Әлемдік және ұлттық қауіпсіздікті күзететін АЖ/ТҚҚ жүйесі: құқық, экономика синтезі және IT» атты VI жыл сайынғы ғылыми-практикалық конференциясы

2020 жылғы 25-26 қарашасында ақшаны жылыстату мен терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы (АЖ/ТҚҚ) Халықаралық желілік институтының «Әлемдік және ұлттық қауіпсіздікті күзететін АЖ/ТҚҚ жүйесі: құқық, экономика синтезі және IT» атты VI жыл сайынғы ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитеті төрағасының орынбасары Ғ.Ә. Лесбеков, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы академиясының, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының және Е.А. Букетов атындағы Қарағанды ​​мемлекеттік университетінің өкілдері қатысты.

Конференция Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топқа (ЕАТ) мүше мемлекеттердің қаржылық барлау бөлімшелері, ақшаны жылыстатуға қарсы халықаралық құрылымдардың, университеттер мен ғылыми ұйымдардың, құқық қорғау және қадағалау органдарының, сондай-ақ жеке секторларының бес жүзден астам өкілдерін жинады.

Қатысушылар күн тәртібіндегі негізгі мәселелерді талқылады: «Ақылды» технологиялар, жасанды интеллект және ҚЖ/ТҚҚ мақсаттары үшін IT-қызметтері», «Сандық валюталар», «Пандемия кезіндегі жаһандық экономикалық тұрақтылық», «Бюджет қаражатын жұмсауды бақылау жүйесі», «ҚЖ/ТҚҚ жүйесінде транзакциялар жүргізгенде және шот ашудан бас тарту институты».

Конференцияның басты мақсаты ҚЖ/ТҚҚ жүйесін жетілдіру бойынша инновациялық ұсыныстарды іске асыруға ықпал ету және Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) халықаралық стандарттарына сәйкестік деңгейін арттыру.