
2020 жылғы 23 қарашада бейнебайланыс нысанында «Қазақстан Республикасы – Еуропалық одақ» ынтымақтастығы жөніндегі кіші комитеттің 4-ші отырыс өтті.
Отырыс жұмысына ҚР ҚМ Қаржы мониторингі және Мемлекеттік кірістер комитеттерінің, «OLAF» алаяқтықпен күрес жөніндегі еуропалық бюроның, Еурокомиссияның салық салу және кеден одағы бас директоратының қызметкерлері, Польша және Нидерландының кеден атташелері қатысты.
Отырыс барысында экономикалық қылмыстармен күресте тиімді ынтымақтастық үшін әлеуетті ұлғайту мәселелері қарастырылды.
Есірткі тасымалымен, темекі өнімдерінің заңсыз жеткізілімдерімен күрес және экономикалық фактілерін жоюда OLAF» алаяқтықпен күрес жөніндегі еуропалық бюромен өзара әрекеттесуді ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Құқық қорғау қызметі саласында сұраныс-анықтамалық жұмыс және әкімшілік көмек көрсету бойынша ынтымақтастық бағыттары талқыланды, өзара әрекеттесудің тиімді механизмдері келісілді.
Қаржы мониторингі комитеті мен Польшаның Ұлттық кірістер әкімшілігінің кинологиялық қызметтері арасында өзара сапарлар өткізу, мамандардың тәжірибе және оқыту әдістерімен алмасуы, иттерді үйрету және пайдалану саласында өзара әрекеттесу бастамалары қолдауға ие болды.
Қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылуы уақтылы әрекет етуді және экономикалық контрабанда, есірткі тасымалы және темекі өнімдерін заңсыз тасымалының халықаралық каналдарын жоюды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.