
2020 жылғы 9-12 қараша және 19-20 қараша аралығында жұмыс топтарының отырыстары мен Қылмыстық кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың (ЕАТ) 33-ші пленарлық отырысы өтті, оған ЕАТ мүше мемлекеттерінің делегациялары: Беларусь Республикасы, Үндістан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы, Түркменстан және Өзбекстан Республикасы өкілдері қатысты.
Сонымен қатар, Пленарлық отырысқа ФАТФ Хатшылығы, ЕАТ-қа халықаралық ұйымдар мен мемлекеттер - байқаушылары өкілдері қатысты. ЕАТ пленарлық отырысы Ресей Федерациясының төрағалығымен өтті.
Коронавирустық пандемияға қатысты шектеу шараларының қабылданғанына қарамастан, ЕАТ-қа мүше мемлекеттері қылмыстық кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың (АЖ/ТҚҚ) ұлттық жүйелерін нығайтуға бағытталған өзара әрекеттесуді жалғастыруда. Еуразия аймағындағы АЖ/ТҚҚ тәуекелдерін анықтауға, талдауға және оларды азайтуға көңіл бөлді.
Пленарлық отырыстың шешімімен қайта жаңартылған кезде икемді тәсілді қолдану мүмкіндігімен ЕАТ-ның бағалау кезеңі тоқтатыла тұрады. Пленарлық отырыста ЕАТ-тың өзара бағалаудың жаңа графигі, сондай-ақ өзара бағалаудың 2-ші кезеңінің рәсімдері бекітілді.
Қатысушылар ЕАТ Хатшылығының өзара бағалауға дайындық шеңберінде Қазақстан Республикасына техникалық қолдау көрсету туралы есебін тыңдады. Бүгінгі күнге Қазақстанның халықаралық АЖ/ТҚҚ стандарттарына сәйкестігін бағалаудың 2-ші кезеңін табысты аяқтауына Азия Даму Банкі, БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы, Ресей Федерациясының Қаржы мониторингі жөніндегі федералдық қызметі (Росфинмониторинг), сондай-ақ Халықаралық қаржылық мониторингтің оқу-әдістемелік орталығы тарапынан техникалық қолдау көрсетілуде.
Пленарлық отырыста техникалық қолдау көрсету жөніндегі ЕАТ жұмыс тобының қосарлас төрағасы лауазымына ҚР ҚМ ҚМК төрағасының орынбасары Ғ.А. Лесбековтың кандидатурасы мақұлданды.
Пленарлық отырысы ЕАТ сарапшыларының тізімін қалыптастыру туралы тұжырымдамалық жазбаны мақұлдады. Мұндай тізімнің жүргізілуі АЖ/ТҚҚ саласындағы қысқа мерзімді және шұғыл жобаларды іске асыру үшін ең білікті кандидаттарды тиімді және уақытылы іріктеуге ықпал етуі керек.
ЕАТ мүше-мемлекеттері COVID-19 пандемиясының әсерінен АЖ/ТҚҚ тәуекелдерін азайту жөніндегі шараларды қолдану нәтижелері туралы ақпарат берді. Пленарлық отырыста әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты туындайтын АЖ/ТҚҚ жаңа қауіп-қатерлеріне жедел жауап беру қажеттілігі баса айтылды. ЕАТ мүше-мемлекеттер аймақтағы АЖ/ТҚҚ жаңа әдістерін анықтау және талдау бойынша маңызды жұмыстар жүргізіп жатқандығы, мемлекеттік органдардың, жеке сектордың соңғы әлемдік тенденциялар мен туындайтын тәуекелдер туралы хабардар болуына үлес қосқаны және халықаралық ынтымақтастықты нығайту бойынша белсенді қадамдар жасайтындығы атап өтілді.
ЕАТ мүше-мемлекеттер жеке сектормен өзара іс-қимылды кеңейту ниетін растады және Халықаралық комплаенс кеңесінің негізгі қағидаларын бекітті.
ЕАТ-ң 34-ші Пленарлық отырысы 2021 жылдың мамырында Тәжікстан Республикасында өтетін болады.
Анықтама:
ФАТФ – АЖ/ТҚҚ саласындағы негізгі халықаралық институт 1989 жылы G7 мемлекет басшылары мен үкімет басшыларының бастамасымен құрылған. Топ ақшаны жылыстатудың тәсілдері мен тенденцияларын қарастыруға, ұлттық және халықаралық деңгейде шараларды қарастыруға жауап береді. 2012 жылы жаңартылған ФАТФ Ұсыныстары - Ақшаны жылыстатуға, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың халықаралық стандарттары қабылданды.
ЕАТ – ФАТФ типіндегі аймақтық құрылымы болып табылады. Халықаралық терроризм қаупін төмендетуде және аймақ мемлекеттерінің қаржы жүйесінің ашықтығын, сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерінде маңызды орынға