
ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті Қазақстан Республикасының аумағында сәйкестік сертификаттарын заңсыз ұсынумен айналысқан компаниялардың қызметін тоқтату бойынша кең ауқымды жедел шараларды жүзеге асыруда.
Талдау көрсеткендей, бүгінгі таңда сертификаттарды заңсыз сату ел аумағында кеңінен таралған.
Сертификатталмаған тауарлардың, соның ішінде балаларға арналған заттардың, құрылыс саласының тауарлары мен азық-түлік өнімдерінің құрамында улы заттар, сонымен бірге, олар экологиялық таза емес және зиянды болуы мүмкін.
Барлығына мәлім сертификаттаудың негізгі мақсаты – азаматтардың өмірі мен денсаулығы үшін өнімдердің, процестердің, жұмыстар мен қызметтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ, тұтынушылардың мүдделерін қорғау.
Алайда кейбір әрекетшіл компания басшылары қарапайым адамдардың мүдделерін ескермей, осы маңызды саланы өзінің «пайда табу көзіне» айналдырған.
Тергеу барысында анықталғандай, бұл сертификаттар зертханалық зерттеулерді өткізбестен берілген. Ал сертификаттарды жазып беру үшін кәсіпкерлер пара алып отырған.
Аз уақыт ішінде сертификаттарды сатудың 15 жүйелі фактісі анықталды. Барлық деректерге қатысты коммерциялық сатып алу, басқаша айтқанда кәсіпкерлік саласында пара алу фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалған.
Астыртын сертификаттар сату фактілері елордада, Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Батыс Қазақстан, Қостанай және Түркістан облыстарында анықталды.
Бұл бағыттағы жұмыс ерекше бақылауға алынған.
Өкілетті органға СЕРТИФИКАТТАРДЫ заңсыз сатуды жүзеге асырған компанияларға қатысты рұқсаттық құжаттарды қайтарып алу туралы ұсыным енгізілетін болады.
Қаржы мониторингі комитеті ескертеді! Жалған сертификаттарды беру 5 жылға бас бостандығынан айыру қарастырылған тек қылмыстық құқық бұзушылық ғана емес, сондай-ақ, жағымсыз зардаптарға және қазақстандықтардың денсаулығы мен өміріне елеулі зиянның келтірілуіне алып келеді!