Алматыда БҰҰ ЕҚБ және ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің қолдауымен семинар-тренинг ұйымдастырылған

Алматыда БҰҰ ЕҚБ және ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің қолдауымен семинар-тренинг ұйымдастырылған

Ағымдағы жылдың 23-25 қараша аралығында Алматы қаласында «Уәкілетті органдардың әлеуетін нығайту: қылмыстық кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық стандарттар мен үздік тәжірибелер» тақырыбында семинар-тренинг өтуде.

Іс-шарада халықаралық сарапшы-бағалаушылар, тәжірибе-мамандар және уәкілетті органдар - қаржы мониторингі комитеті мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшылары қатысады.

 Семинар шеңберінде ФАТФ-тың 40 ұсынымы мен 9 арнайы ұсынымын орындау мәселелерін қарау жоспарлануда.

Уәкілетті органдар мен қаржы мониторингі субъектілерінің кірістерді жылыстату мен терроризмді қаржыландырудың ықтимал тәуекелдерін дұрыс түсінуі және оларды барынша азайту жөнінде шаралар қабылдауы негізгі мәселелердің бірі болып табылады.

Естеріңізге сала кетейік, бұл іс-шара 2021-2022 жылдары Қазақстанның кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың ұлттық жүйесінің халықаралық стандарттарға сәйкестігі тұрғысынан алдағы өзара бағалауға дайындық аясында өтуде.