Бюджет қаражатын жымқырудың тағы бір дерегі Атырау облысында анықталды

Бюджет қаражатын жымқырудың тағы бір дерегі Атырау облысында анықталды

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері ҚР ҚК                       190-б. 4-б. 2-т. қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша Атырау қ. тұрғыны ұсталды.

Айыпталушы Атырау қ. бойынша МКБ-да тіркелген серіктестікте басқару функцияларын жүзеге асыра отырып, алаяқтық жолымен 24,6 млн. теңге сомасында бюджеттік ақша қаражатын жымқырған. Бұл қаражат «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында Атырау қаласының аумағында көп пәтерлі тұрғын үй құрылысына бөлінген.

Тергеу шаралары  жалғасуда.