
Ағымдағы жылғы 28 қыркүйекте ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті "СТОП ойын" профилактикалық іс-шаралары шеңберінде Қарағанды қаласында ойын бизнесінің заңсыз қызметінің жолын кесті.
Заңсыз айналымнан "Lotomatic"лотерея қызметінің атын жамылып, заңсыз қызметтер көрсету үшін пайдаланылған 3 ойын терминалы алынды.
Тергеу барысында күдіктілер ҚР ҚК 307-бабының 1-б. көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәсін мойындады.
Бүгінгі күні тергеу аяқталып, қылмыстық іс айыптау актісін бекіту және одан әрі сотқа беру мақсатында заңдылықты тексеруді жүзеге асыру үшін қадағалау ведомствосына ұсынылды.