Орал қаласында кәсіпорын басшысы мемлекеттік бағдарлама бойынша бөлінген 143 млн. теңгеден астам қаражатты жымқырған

Орал қаласында кәсіпорын басшысы мемлекеттік бағдарлама бойынша бөлінген 143 млн. теңгеден астам қаражатты жымқырған

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің  қызметкерлері облыс кәсіорындары бірінің директоры ҚР ҚК 189-б. 4-б. 2-т., 245-б. 3-б. қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін күдікті ретінде ұсталып, Орал қ. ПД УҰИ-на қамауға алынды (ҚР ҚПК 128-б. сәйкес).

Мемлекеттік сатып алуларға қатыса отырып, ол «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үйді салуға бөлінген 143 млн. теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған.

Сондай-ақ, айыпталушы 2017-2018 жылдар аралығында 1,5 млрд. теңгеден астам сомаға салықтарды төлеуден жалтарған.

Тергеу амалдары жалғасуда.