«TengriBank» АҚ бұрыңғы басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеу ісі басталды

«TengriBank» АҚ бұрыңғы басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеу ісі басталды

ҚР Қаржы Министрлігі Қаржы мониторинг комитетінің экономикалық тергеу қызметінің басшылығымен құрылған  ведомствааралық жедел-тергеу тобы «TengriBank» АҚ бұрыңғы басшыларына қатысты банктің 5,4 млрд. теңге қаражатын жымқыру дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 189 бабы 4 бөлігі 2 тармағы (аса ірі көлемде сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Ағымдағы жылдың 9 қарашасында Алматы қаласы тергеу сотының санкциясымен 2 айға дейін қамауға алу бұлтартпа шарасы:

-        Банктің бұрыңғы Төрағасының орынбасары Ильясов

Бахтияр Әбдінұрұлына;

-        Банктің Алматы қалалық филиалы басшысының

орынбасары Жадықов Әсет Өрісбайұлына;

-        Банк қызметкерліренің бақылауындағы мекеме

басшысы Жылқыбаева Назгүл Маманшалқызына (жалған құжаттар арқылы 3 млн. АҚШ доллары көлемінде қайтарымсыз несие алған) санкцияланды.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байналысты жарияланбайды.