Шымкент қаласында екі қылмыстық іс аясындағы ойын терминалдары жойылды

Шымкент қаласында екі қылмыстық іс аясындағы ойын терминалдары  жойылды

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері күшіне енген сот үкімдері шеңберінде 21 «Бинго» ойын аппараты, 2 д купол столы, 2 электронды купол столдары, 8 жүйелік блок, 9 микросхема және 3 сары-жасыл ойын терминалы жойылды.

         Аталған ойын терминалдары Шымкент қаласының аумағында жүргізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде тәркіленіп алынған.

         ҚР «Ойын бизнесі туралы» Заңына сәйкес казино және ойын аппараттарын арнайы белгіленген аймақтарда орнатуға рұқсат берілген, басқа орындарда казино және ойын залдарын қойылуына шектеу қойылған.

         Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру және ойын залдары үшін үй-жайларды жалға беруге ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз.