
ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері жүргізілген жедел-іздестіру шарасы нәтижесінде алкоголь өнімін заңсыз тасымалдау және сату дерегі анықталды.
Тергеу барысында Қостанай қ. тұрғынының алкоголь өнімін заңсыз сатып алып, лицензиясыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқандығы анықталды. Аталмыш азамат автокөліктерге жанармай құю станциясы маңында «Mercedes-Bens Sprinter» автокөлігінде Тобыл қ. алдын ала сатып алған бес литрлік бөтелкелерде 2 770 литр көлемінде ішімдік және 200 литр спирт сақтап, тасымалдаған.
Қостанайй қ. сот үкімімен қала тұрғыны ҚР ҚК 214-б. 1-б. қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1000 АЕК мөлшерінде айыппұл тағайындалды.