Қазақстан Республикасының аумақтық ведомстволарының кинологиялық қызметтерінің басшыларының қатысуымен жарылғыш заттарды іздеу бойынша құқық қорғау және арнайы органдардың кинолог мамандары арасында ведомствоаралық жарыстарды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша жұмыс кездесуі

Қазақстан Республикасының аумақтық ведомстволарының кинологиялық қызметтерінің басшыларының қатысуымен жарылғыш заттарды іздеу бойынша құқық қорғау және арнайы органдардың кинолог мамандары арасында ведомствоаралық жарыстарды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша жұмыс кездесуі

Жарылғыш заттарды іздестіруге қызметтік-іздестіру иттерді дайындау саласы бойынша ҚР Құқық қорғау және арнайы органдары арасындағы ынтымақтастық пен өзара қатынасты нығайту, сондай-ақ еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі басым бағыттардың бірі болып табылатын терроризмге қарсы іс-қимыл мақсатында, 2020 жылдың 29 қазанында ҚР ҚМ ҚМК Кинологиялық орталығының базасында Қазақстан Республикасының аумақтық ведомстволарының кинологиялық қызметтерінің басшыларының қатысуымен жарылғыш заттарды іздеу бойынша құқық қорғау және арнайы органдардың кинолог мамандары арасында ведомствоаралық жарыстарды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша жұмыс кездесуі ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараға ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің, ҚР Ұлттық ұланының, ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери полициясының, ҚР ҰҚК "А" арнайы бағыт қызметінің, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің, сондай-ақ ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында дөңгелек үстелге қатысушыларымен ведомствоаралық жарыстарды өткізу ережелері, жарылғыш заттарды іздеу бойынша кинологиялық топтардың жұмысын бағалау критерийлерін бекітіліп, сондай-ақ кинологиялық қызметтер арасындағы өзара  жұмыс жоспарлары бойынша бірқатар мәселелері және жарылғыш заттарды іздеу және табу бойынша кинологиялық есепті сертификаттаудың  бірыңғай әдістемесі талқыланды.

Жұмыс кездесуінің соңында қатысушылар дөңгелек үстелді ұйымдастырудың жоғары деңгейін және кинология саласы бойынша ведомствоаралық қатынастарды нығайтуға ықпал ететін  осындай іс-шараларды өткізудің маңыздылығын атап өтті.