ЕҚЫҰ өкілдері Қазақстанның ұлттық қаржы мониторингі жүйесін жетілдіруге қолдау көрсетпек

ЕҚЫҰ өкілдері Қазақстанның ұлттық қаржы мониторингі жүйесін жетілдіруге қолдау көрсетпек

2020 жылғы 16 қазанда Қаржы мониторингі комитеті мен Нұр-Сұлтан қ. ЕҚЫҰ Бағдарламалар кеңсесі өкілдерінің жұмыс кездесуі өтті.

Іс-шараға Стратегия және қауіптерді бағалау басқармасының басшысы Ринат Атембеков, экономикалық және экологиялық мәселелер бойынша кеңесші Рати Джапаридзе және жобалық аға көмекші Бибігүл Избаир қатысты.

Кездесу шеңберінде Қазақстанның алдағы уақытта Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың өзара бағалауынан сапалы және жоспарлы өту мәселелері талқыланды.

2021-2022 жылдары КЖ/ТҚҚ ұлттық жүйесі Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржы шараларын әзірлеу тобы (ФАТФ) стандарттарының талаптарына сәйкестігі бойынша халықаралық сарапшылардың бағалауынан өтетінін атап өткен жөн.

Осы орайда, Қаржы мониторингі комитеті осы бағалауды өткізу жөніндегі ұлттық үйлестіруші бола отырып, мемлекеттік органдар мен қаржы мониторингі субъектілерімен бірлесіп, қаржы мониторингінің ұлттық жүйесін жетілдіріп келеді.

Іс-шараның қорытындысы бойынша Комитетке қаржы мониторингі субъектілеріне, өкілетті және құқық қорғау органдарының өкілдеріне арналған оқыту семинарларын өткізуде көмек көрсетілу жөніндегі келісімге қол жеткізілді.