
2020 жылғы 15 қазанда ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Экономикалық тергеу қызметі мен Польшаның ҚМ Ұлттық Кірістер Администрациясының Экономиқалық қылмыстарға қарсы Департаменті арасында жұмыс отырысы өтті.
Отырыс барысында халықаралық құқық қорғау саласындағы ынтымақтастықты дамыту, экономикалық қылмыстарға қарсы күрес саласындағы ортақ тәсілдеме әзірлеу және күш-жігерін үйлестіру мәселелері, сондай-ақ трансшекаралық есірткі қылмысымен күресудегі өзара әрекеттесу перспективалары талқыланды.
Отырыс нәтижесі бойынша тараптар жоғарыда аталған салалардағы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюға дайындығын білдірді.
Қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру арқасында халықаралық лжетранзит арналарын, есірткі тасымалын және заңсыз темекі өнімдерін жеткізуіне уақтылы әрекет етіп, олардың жолын кесуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.