
Ақтөбе облысы бойынша экономикалық тергеу басқармасы «СТОП-Обнал» жедел профилактикалық шаралар шеңберінде ұзақ уақыт бойы нақты жұмыс жасамай, қызмет көрсетпей және тауарларды жөнелтпей жалған шот-фактуралар жазумен айналысқан қылмыстық топтың жолын кесті.
Күдіктінің достары мен туыстары атына тіркеліп, басқа да серіктестіктерге қызмет көрсетілді немесе тауар жеткізілді деген дерекпен 15 кәсіпорынды тіркеуге/қайта тіркеуге қала тұрғынының қатысқаны анықталды.
Заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде мемлекетке төленбеген салықтар мен бюджетке төлемдер түрінде 3,5 миллиард теңгеден астам көлемде аса ірі залал келтірген.
Тергеу амалдары ҚР ҚК 216-бабы 3-б. жүргізіліп, қазіргі таңда қылмыстық іс сотқа жолданды.