Шығыс Қазақстан облысында темекі өнімін сату бойынша заңсыз кәсіпкерліктің жолы кесілді

Шығыс Қазақстан облысында  темекі өнімін сату бойынша заңсыз кәсіпкерліктің жолы кесілді

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің ШҚО бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлерімен Семей қаласында жедел-тергеу шараларын жүргізу барысында акциздік жапсырмасыз және оларды сатып алу фактісін растайтын ілеспе құжаттарсыз темекі бұйымдары анықталды.

Қойманы тексеру барысында жалпы сомасы 64,9 млн.теңге болатын «Zumerret», «Marble», «Captain Black blue», «Captain Black», «Omega» и «Max 7»  маркаларындағы  295 қорап темекі бұйымы табылды.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК 214 бабының 1-б. бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Қазіргі уақытта сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.