Ақтөбеде мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру барысында бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды

Ақтөбеде мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру барысында бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті «Қазына» жедел-алдын алу шарасы аясында бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады.

 «Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асыру аясында, Мемлекеттік мекеме Шаруашылық ретіндегі кәсіпорын мен «КК» ЖШС арасында жалпы сомасы 163 млн.теңгені құрайтын «Мұғалжар ауданының ауылдық округіндегі сумен жабдықтау желілері» мемлекеттік сатып алу құрылыс-монтаждау жұмыстарына келісімшарт жасалғандығы анықталды.

Алайда жарияланған жұмыс толық көлемде жүргізілмей, нәтижесінде алдын-ала есеп бойынша келтірілген залалдың мөлшері 13 млн.теңгені құрады. Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары ҚР ҚК 189-бабы, 4-б. 2-т. (сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін жымқыру) жүргізіліп, ақша жымқыру фактісіне мемлекеттік органдағы лауазымды тұлғалардың қатысы тексерілуде.