Орал қаласының тұрғыны жалған шот-фактура жазғаны үшін сотталды

Орал қаласының тұрғыны жалған шот-фактура жазғаны үшін сотталды

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Орал қаласы тұрғынының 2017-2019 жылдар аралығында ЖШС-ті пайдаланып, іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтер көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей шот-фактура жазып, осы арқылы өзінің коммерциялық кәсіпорнын салық төлеуден заңсыз босатқанын хабарлайды. Осы іс-әрекеттен мемлекетке келген залал көлемі 67 млн. теңгені құрады.

БҚО Орал қаласы сотының үкімімен кәсіпкер ҚР ҚК 28 бабы 2-т. және 216 бабының  2-б., 2-т. сәйкес кінәлі деп танылып, сотталушымен кінәні мойындау туралы мәміле түріндегі процессуалдық келісімнің жасалуы, сондай-ақ оның Қылмыстық-процестік кодексте қарастырылған келісімнің барлық шарттарын орындағанын, соның ішінде келтірілген зиянды толық өтегені ескеріле отырып, оған 6 312 500 теңге айыппұл түрінде жаза тағайындалды.