
ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған Ақтөбе қаласының тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.
Заңсыз ойын мекемелері жалпыреспубликалық «STOP-ойын» жедел іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында анықталды. Осылайша, Ақтөбе мен Хромтау қалаларында орналасқан үш мекен-жайда букмекерлік кеңселердің атын жамылған заңсыз ойын мекемелері қызметінің жолы кесілді.
Ақтөбе қаласы №2 сотының үкімімен қала тұрғыны ҚР ҚК 307-бабы 1-б. кінәлі деп танылып, 500 АЕК айыппұл салынды.
Тәркіленген заттай айғақтар мемлекет кірісіне аударылды.