Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Қоғамдық кеңес отырысының хаттамасы

Қазақстан Республикасының

Қаржылық мониторинг агенттігі

Қоғамдық кеңес отырысының № 1

хаттамасы

 

Астана қ.                                                                     2026 жылғы 11 наурыз

                                                                                       

Өткізу орны: Астана қ., Мәңгілік Ел 53/1.

Төрағалық етті: Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің (бұдан әрі – ҚМА) Қоғамдық кеңес төрағасы Н.Қ.Бекназаров.

Қатысқандар:

Қоғамдық кеңесінің мүшелері: Ж.Ф. Елемесов, Қ.О. Айтбай,         В.В. Волков, М.С. Жұмағазиев, Е.Б. Сыдықов, Д.Ж. Сәтжан, А.Ә. Әбдірәш, Н.О. Орынбеков.

бейнебайланыс режимінде: Ғ.Ә. Лесбеков, С.А. Симонов, Ю.В. Ли, Т.Ж. Турегелдин.

қатыспағандар: Е.С. Мерзадинов, Д.Е. Исабеков, С.М. Айтпаева (дәлелді себеппен).

Агенттік өкілдері: ҚМА Стратегия және жедел басқару департаментінің басшысы Ә.Ж. Баймұрзаев, Превенция және талдау әзірлемелері департаментінің басшысы Д.Қ. Райымқұлов, Астана, Алматы, Шымкент қалалары және облыстар бойынша ЭТД басшылары (Zoom).

 

 

КҮН ТӘРТІБІ:

 

  1. 2025 жыл бойынша халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру жөнінде жүргізілген жұмыстардың қорытындылары туралы.

Баяндамашы – Превенция және талдау әзірлемелері департаментінің басшысы      Д.Қ. Райымқұлов.

 

  1. Республикалық референдумға шығарылатын жаңа Конституция жобасындағы жаңашылдықтарын талқылау.

Баяндамашы: ҚМА Қоғамдық кеңес төрағасы Н.Қ. Бекназаров.

­­­­­­

 

ШЕШІМ:

 

Бірінші мәселе бойынша

  1. ҚМА Превенция және талдау әзірлемелер департаментінің басшысы Д.К. Райымқұловтың баяндамасы назарға алынсын.
  2. Агенттіктің халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша тиімді жұмысы атап өтілсін, оның ішінде ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын өткізу, қаржылық алаяқтықтың алдын алу жөніндегі профилактикалық жұмыс жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік органдармен, білім беру ұйымдарымен және азаматтық қоғам институттарымен белсенді өзара іс-қимыл жасау.
  3. Агенттікке:

3.1. мектептер мен жоғары оқу орындарында қаржылық сауаттылық бойынша білім беру бағдарламаларын дамыту және жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастыру;

3.2. жастар және халықтың әлеуметтік осал санаттары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейту;

3.3. қаржылық алаяқтықтың, оның ішінде цифрлық кеңістікте, алдын алу бойынша профилактикалық жұмысты жандандыру ұсынылады.

 

 

Екінші мәселе бойынша

  1. Қоғамдық кеңес төрағасы Н.К. Бекназаровтың республикалық референдумға шығарылатын Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасындағы жаңашылдықтар туралы ақпараты назарға алынсын.
  2. Конституция жобасын кеңінен қоғамдық талқылаудың маңыздылығы және конституциялық реформаның негізгі ережелері туралы халықты ақпараттандыру қажеттілігі атап өтілсін.

 

 

Қазақстан Республикасы

Қаржылық мониторинг агенттігінің

Қоғамдық кеңесінің төрағасы                                              Н. Бекназаров

 

Дата публикации
18 марта 2026