Шымкент қаласы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстары бойынша департамент басшылары көлеңкелі экономикамен күрес бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен қабылданып жатқан шаралар туралы баяндама жасады.
Негізгі назар мемлекеттік сатып алулардың ашықтығын қамтамасыз ету және есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл мәселелеріне аударылды.
Отырыста мемлекеттік сатып алуларды қадағалау жүйесі ұсынылып, оның нақты уақыт режимінде әлеуетті қауіптер мен заңбұзушылықтарды анықтауға мүмкіндік беретіні атап өтілді.
Агенттік әзірлеген ақпараттық жүйелер таныстырылып, олар интернет кеңістігін бақылау мен елдегі есірткі жағдайын талдау үшін арналған.
Түркістан облысы бойынша ЭТД басшысы Балғабаев Е.Т. өз баяндамасында Агенттік қызметіне цифрлық құралдарды енгізу адал бизнеске кедергі келтірмей, көлеңкелі саладағы тәуекелі жоғары субъектілерді анықтауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Осы тәсілдің арқасында анықталған құқық бұзушылықтардың басым бөлігі қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысатындармен, қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылармен, заңсыз ойын бизнесімен, контрафактілік өнім мен қолдан жасалған алкоголь өндірушілерімен байланысты болды.
«Агенттіктің басым бағыттарын талқылауға және қадағалауға қоғамның белсенді қатысуы — сенімділікті арттырудың, ашықтықты қамтамасыз етудің және құқық тәртібін нығайтудың маңызды шарты», — деді Қоғамдық кеңестің төрағасы Бекназаров Н.К.
Отырыс қорытындысы бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтуге, цифрлық аналитикалық құралдарды дамытуға, сондай-ақ азаматтық қоғаммен сындарлы диалогты кеңейтуге бағытталған ұсыныстар қабылданды.