|
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
|
|
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
|
|
БІРЛЕСКЕН |
||
|
БАСҚАРМА ҚАУЛЫСЫ |
|
БҰЙРЫҚ |
|
№ ____
Алматы қаласы |
|
№ ____
Нұр-Сұлтан қаласы |
Кейбір бірлескен бұйрықтар мен
қаулылардың, сонда-ақ кейбір
бірлескен бұйрықтар мен қаулылардың
құрылымдық элементтерінің күші
жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрі БҰЙЫРАДЫ және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) осы бірлескен бұйрықты және қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрықты және қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бірлескен бұйрық және қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оларды мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.