7-қосымша
Талдамалы есепті қалыптастыру үшін бюджет қаражатымен өзара байланыста стратегиялық мақсаттарды іске асыру және нысаналы индикаторларға қол жеткізу туралы талдамалы ақпаратты көрсету тәртібі
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі талдамалық ақпаратты қалыптастыру және макро, нысаналы индикаторларға қол жеткізу үшін бюджет қаражатымен өзара байланыста мынадай ақпаратты жібереді.
Бірінші. Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі 2023 жылы өз қызметін Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 436 – НҚ бұйрығымен бекітілген 2023-2027 жылдарға арналған Даму жоспарына сәйкес жүзеге асырады.
«Қаржылық мониторингті дамытудың 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің
2022 жылғы 6 қазандағы № 1038 Жарлығына сәйкес келтіру, сондай – ақ жаңа инвестициялық жобаның көрсеткіштерін бекіту мақсатында 2023-2027 жылдарға арналған Даму жоспарына өзгерістер енгізілді.
Анықтама: «Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің
2023-2027 жылдарға арналған Даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №436 – НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Агенттік Төрағасының 2023 жылғы 21 сәуірдегі
№92–НҚ бұйрығы.
Екінші. Даму жоспары 1 стратегиялық бағытты «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл, сондай-ақ экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру» қамтиды.
Стратегиялық бағыттың мақсаттары:
1.2 «Көлеңкелі экономика» саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтаудың бұлтартпастығын қамтамасыз ете отырып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру сапасын арттыру».
Үшінші. «2023 - 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 1 желтоқсандағы № 163 – VII ҚРЗ Заңымен 24 373 959 мың теңге сомасында Агенттіктің бюджеті бекітілген.
2023 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау шеңберінде
«2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы
«Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 28 наурыздағы № 218 - VII Заңымен Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің шығыстары 2 764 387 мың теңге сомасында ұлғайтылды, оның ішінде
004 «Экономикалық тергеудің ақпараттық жүйесін құру» бюджеттік бағдарламасы бойынша жаңа инвестициялық жобаға қаражат бөлінді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде (құпия)
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігне
Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен шұғыл шығындарға 9 515 000 мың теңге сомасында қаражат бөлінді.
2023 жылға арналған республикалық бюджетті түзету барысында
«2023 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету және «2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы»
Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 987
қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 17 қазандағы қаулысымен № 917 қаулысына сәйкес,
004 «Экономикалық тергеудің ақпараттық жүйесін құру» бюджеттік бағдарламасы бойынша бюджет қаражатын азайту есебінен 001 «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және (немесе) терроризмді қаржыландыруға байланысты операциялар туралы ҚМА жіберген ақпаратты пайдаланған құқық қорғау органдарының үлесі» бағдарламасы бойынша шығыстар 26 808 мың теңгеге ұлғайтылды.
2023 жылға арналған республикалық бюджетті қайтара түзету кезінде «2023 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету және «2023 – 2025 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 987 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 1036 қаулысына сәйкес Агенттікке қосымша 204 131 мың теңге сомасына қаражат бөлінді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 1 ақпандағы № 31 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі бөлінетін бюджеттік бағдарламаны бөлу қағидаларының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігіне 15 948 мың теңге сомасында қаражат бөлінді.
«Өкілдік шығындарға бюджет қаражатын бөлу туралы»
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің 2023 жылғы 3 ақпандағы № 11-1-4/48 бұйрығы негізінде Агенттікке 32 960 мың теңге сомасына қаражат бөлінді.
Нәтижесінде, Агенттіктің бюджеті 36 906 385 мың теңгені құрады.
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің
2023 жылғы қызметін жүзеге асыруға бағытталған бюджет қаражаты
|
Атауы |
Жоспар (түзетілген бюджет) |
Факт |
Орындалу % |
Ауытқу |
|
1-стратегиялық бағыт. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл, сондай-ақ экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру (1.1, 1.2 мақсаттары қамтиды): |
27 342 477 |
27 342 033 |
100 |
-444 |
|
1.1 – мақсат. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және (немесе) терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жүйесін жетілдіру. |
18 906 061 |
18 905 618 |
100 |
-443 |
|
1.2 - мақсат. «Көлеңкелі экономика» саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтаудың бұлтартпастығын қамтамасыз ете отырып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру сапасын арттыру. |
8 436 416 |
8 436 415 |
100 |
-1 |
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резерві |
9 515 000 |
9 515 000 |
100 |
0
|
|
Бөлінетін бюджеттік бағдарламалар (101, 138 бюджеттік бағдарламалар) |
48 908 |
48 906 |
100 |
-2 |
|
БАРЛЫҒЫ: |
36 906 385 |
36 905 939 |
100 |
-446 |
Төртінші. Стратегиялық бағытты іске асыруға 3 индикатор көзделген, оның ішінде 2 индикатор орындалды және 1 макроиндикатор орындалуда.
Стратегиялық бағыттың мақсаттары:
Осы стратегиялық мақсат бойынша «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және (немесе) терроризмді қаржыландыруға байланысты операциялар туралы ҚМА жіберген ақпаратты пайдаланған құқық қорғау органдарының үлесі: 2023 ж. - 74%» 1 нысаналы индикаторға қол жеткізу көзделген, орындалуы толық көлемде атқарылған.
Осы нысаналы индикатор бойынша 2023 жылы жоспарлы мәні -74 %.
Индикаторға қол жеткізілді.
2023 жылдың қорытындысы бойынша Агенттіктің талдау бөлімшелері Қазақстан Республикасының Құқық қорғау және арнаулы органдарына 925 материал (260 – бастамашыл материалдар, 138 – тоқтатылған операциялар бойынша материалдар, 527 – санкцияланған сұрау салулар бойынша материалдар) жіберілген.
1.2 - мақсат. «Көлеңкелі экономика» саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтаудың бұлтартпастығын қамтамасыз ете отырып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру сапасын арттыру. Осы стратегиялық мақсат бойынша «Іс жүргізудегі қылмыстық істердің іс жүргізумен аяқталған үлесі» деген 1 нысаналы индикаторға қол жеткізу көзделген, оған толық көлемде қол жеткізілді.
2023 жылы нысаналы индикатордың жоспарлы мәні 64,5%, орындалуы 66,7% құрады.
Өндірістегі 1709 істің (1977) 1140 (1385) немесе 66,7% (70,1%) аяқталды. 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда істерді аяқтаудың үлес салмағы 3,4% (70,1% - дан 66,7% - ға дейін) төмендеді. Жоспар 2,2% асыра орындалды.
Аталған міндетке қол жеткізу үшін Агенттік сотқа дейінгі тергеуді оңтайландыру жөнінде шаралар қабылдады.
Мемлекеттік аппаратты бюрократияландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар шеңберінде тергеліп жатқан істердің көлемін электрондық форматта («Е-қылмыстық іс» модулі) ұлғайту бойынша жұмыс жалғастырылды.
Электрондық форматта тіркелген істердің үлесі 2022 жылмен салыстырғанда 654-тен 835-ке дейін өсті.
Қабылданған шаралардың арқасында залалды өтеуді 36% - ға (2022 жылы 39,7 млрд теңгеден 2023 жылы 53,9 млрд теңгеге дейін) және келтірілген залал сомасын 2 есеге (2022 жылы 156,8 млрд теңгеден 2023 жылы 325,9 млрд теңгеге дейін) ұлғайтуға мүмкіндік туды.
Сонымен қатар, тергеліп жатқан істер шеңберінде 180 млрд теңгеден астам сомаға активтерді қайтару қамтамасыз етілді.
2023 жылы «Бақыланбайтын (көлеңкелі) экономиканың үлесі, ЖІӨ-дегі %» макроиндикаторының жоспарлы мәні 18,2% құрайды. Индикатор орындалуда.
Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі 2024 жылғы 31 шілдеде есептеп, жариялайтын болады.
Көлеңкелі экономика деңгейін төмендету үшін Агенттік келесі бағыттар бойынша жұмыс жүргізілді:
Осы жылдың шілде айында Президент Әкімшілігімен және Үкіметпен келісе отырып, 2023-2025 жылдарға арналған жаңа кешенді жоспар әзірленді.
Осалдықтар мен тәуекелдерді үнемі бақылау жоспарды жаңа бағыттармен толықтыруға мүмкіндік берді.
Оған, мұнай және мұнай өнімдері, денсаулық сақтау, жер қойнауын пайдалану, өнеркәсіп, цифрлық активтер және валюталық бақылау салалары.
Бұл жұмыс көлік және логистика, құрылыс, сауда, мемлекеттік сатып алу, кедендік және салықтық әкімшілендіру саласында да жүргізіледі.
Жоспарға барлығы 80 іс-шара (30 тармақ) кіреді және 57 мемлекеттік органдар мен ұйымдар орындауға міндетті 10 көрсеткіш (KPI).
Жоғарыда аталған шараларды бірлесіп іске асыру көлеңкелі экономиканың үлесіне 2025 жылға қарай 15% - ға дейін қол жеткізуге ықпал ететін болады.
Жоғарыда көрсетілген мақсаттарға және Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің 2023-2027 жылдарға арналған Даму жоспарының нысаналы индикаторларына қол жеткізуге бағытталған 2023 жылға арналған қаржы ресурстары 36 906 385 мың теңге келесі бюджеттік бағдарламалар бөлінісінде:
001 «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және (немесе) терроризмді қаржыландыруға байланысты операциялар туралы ҚМА жіберген ақпаратты пайдаланған құқық қорғау органдарының үлесі» бюджеттік бағдарламасын іске асыруға 18 906 061 мың теңге сомасында қаражат көзделген, орындалуы 18 905 618 мың теңгені немесе бір жылға арналған жоспарға 100% құрады. Орындалмауы 443 мың теңге, оның ішінде: 1,2 мың теңге – Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің және оның аумақтық органдарының штаттан тыс персоналына еңбекақы төлеу қоры бойынша үнемдеу, 140,2 мың теңге – мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша үнемдеу, 301,6 мың теңге – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің және оның аумақтық органдарының қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қоры бойынша үнемдеу.
Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға, экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтарға қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі қызметтердің сапасын арттыру.
Бюджеттік бағдарламаны іске асыру мақсатында мынадай бюджеттік кіші бағдарламаларды орындау көзделген:
Тікелей нәтиже көрсеткішіне қол жеткізілді:
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің және оның аумақтық бөлімшелерінің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылды, экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтармен күресті қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және іске асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік мекемелерінің саны 21 бірлікті құрады, жоспар бойынша 21 бірлік;
Тікелей нәтиже көрсеткішіне қол жеткізілді:
Жұмыс істейтін ақпараттық жүйелердің саны 2 бірлікті құрады, жоспар бойынша 2 бірлік («Жалған кәсіпорын», «Бірыңғай ақпараттық – талдау жүйесі»);
Тікелей нәтиже көрсеткішіне қол жеткізілді:
Есірткі құралдарын, жарылғыш заттарды, қару-жарақты, валютаны іздеу бағдарламалары бойынша бастапқы даярлаудан және қайта даярлаудан өткен қызметтік иттері бар кинолог мамандардың саны 22 адамды құрады, жоспар бойынша 12 адам.
Асыра орындау шекара қызметтерінен (Мемлекеттік күзет қызметі, Ұлттық ұлан) ит өңдеушілерді оқыту бойынша сұраулардың санына байланысты.
2023 жыл ішінде кинологиялық орталықпен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің қызметтік иттері бар қосымша 2 маман - кинолог оқытылды. Кинологтарды оқыту өтеусіз негізде жүргізіледі.
Сонымен қатар, Мемлекеттік күзет қызметі, әскери полиция Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі сияқты басқа мемлекеттік органдардан қызметтік – іздестіру иттері бар кинологтар оқытылды;
Тікелей нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілді:
1) жоспарда 20 бірлік болған кезде криминалистикалық зерттеулер үшін 20 бірлік жабдық сатып алынды.;
2) Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі мен оның аумақтық органдары үшін 1 бірлік бейнебақылау жүйесі сатып алынды (барлық аумақтық департаменттерде идеобақылау жүйесі орнатылған, камералардан жазулар деректерді сақтаудың орталық серверіне беріледі);
3) Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің және оның аумақтық органдарының қажеттілігі бойынша 1387 бірлік жабдық және өзге де негізгі құралдар сатып алынды, жоспар бойынша 231 бірлік, асыра орындау ақпараттық жүйесінде авторизациялау үшін веб – камераларды қосымша сатып алуға байланысты. Бұл функционал бақылауды күшейтеді және АЖ дерекқорына рұқсатсыз қол жеткізу мүмкіндігін болдырмайды;
4) Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің жаңадан құрылған өңірлік бөлімшелері үшін жоспар 15 бірлік болған кезде 15 арнайы автокөлік сатып алынды;
Тікелей нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілді:
Қаржылық барлау бөлімшелерінің материалдары бойынша жедел есепке алу істері бойынша іс жүргізу шешімдерінің саны 107 бірлікті құрады, жоспар бойынша 100 бірлік. Асыра орындау жаңа технологиялар мен жаңа ақпараттық ресурстардың енгізілуіне және талдаушылардың штат санының ұлғаюына байланысты;
Қаржылық барлау бөлімшелерінің Экономикалық тергеу қызметіне жіберілген бастамашылық материалдарының саны 180 бірлікті құрады, жоспар бойынша 120 бірлік. Асыра орындау 2021 жылы
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі құрылған кезде талдаушылар штатының ұлғаюымен байланысты.
Шығыстар динамикасы: бюджеттік бағдарлама 2021 жылдан бастап іске асырылуда.
Дебиторлық берешек 20 023,8 мың теңгені құрады, оның ішінде штаттан тыс персоналдың еңбегіне ақы төлеу қоры бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша парақтарды кеш ұсыну себебінен 248,4 мың теңге сомасында артық төлем, елден тыс жерлердегі іссапар шығыстары 7 800 мың теңге сомасында, Интернет желісіне қол жеткізу қызметтері бойынша 911,6 мың теңге сомасында, сондай-ақ қызметкерлерге еңбекақы төлеу қоры 3 383,2 мың теңге, коммуналдық қызметтер бойынша 4 834,8 мың теңге, байланыс қызметтері бойынша 2 395,1 мың теңге, қызметкерлердің іссапар шығындары бойынша 450,7 мың теңге.
Кредиторлық берешек 2 163,2 мың теңгені құрады, оның ішінде коммуналдық қызметтер бойынша 1 015,9 мың теңге сомасында, байланыс қызметтері бойынша 362,1 мың теңге сомасында, ғимаратты күрделі жөндеу бойынша 485 мың теңге сомасында, жеткізушіден (Астана қ.) деректемелердің өзгеруі себебінен 183,7 мың теңге сомасында өзге де қорларды сатып алу бойынша. Интернет желісіне қол жеткізу қызметтері бойынша сомасы 116,5 мың теңге.
002 «Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру» бюджеттік бағдарламасын іске асыруға 7 484 530 мың теңге сомасында қаражат көзделген, орындалуы 7 484 530 мың теңгені немесе бір жылға арналған жоспарға 100% құрады.
Тікелей нәтиже көрсеткіші (құпия).
Шығыстар серпіні: Бюджеттік бағдарлама 2021 жылдан бастап іске асырылуда.
Дебиторлық берешек ерекше шығындарға (құпия) 276 008,2 мың теңгені құрады.
003 «Сотқа дейінгі тергеп-тексеру» бюджеттік бағдарламасын іске асыруға 535 884 мың теңге сомасында қаражат көзделген, орындалуы 535 884 мың теңгені немесе бір жылға арналған жоспарға 100% құрады.
Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде адамдардың шеккен шығыстарын өтеуді қамтамасыз ету.
Тікелей нәтиже көрсеткіші: жоспар 500 бірлік болған кезде сотқа жіберілген ауыр және аса ауыр құқық бұзушылықтар саны, орындалуы 557 бірлік. жоспар 57 іске асырылды немесе 11%.
2022 жылы іс жүргізуде ауыр және аса ауыр санаттағы 1 014 іс немесе 1 977 істің 51,3% - ы болды, оның ішінде 688 іс аяқталды.
2023 жылы іс жүргізуде ауыр немесе аса ауыр санаттағы 975 іс немесе 1710 істің 57% болды.
Ауыр және аса ауыр санаттағы 592 іс аяқталды немесе аяқталған істердің 52% (1140), оның ішінде 557 іс сотқа жіберілді немесе 49%.
2022 жылы сотқа ауыр және аса ауыр санаттағы 644 іс немесе 1072 істің 60% жіберілді.
Жоспарда ауыр және аса ауыр санаттағы 500 істі сотқа жолдау белгіленген. Жоспар 57 іске асырылды немесе 10%.
Шығыстар динамикасы: бюджеттік бағдарлама 2021 жылдан бастап іске асырылуда.
Дебиторлық берешек ерекше шығындарға 12 537,3 мың теңгені құрады (құпия).
Кредиторлық берешек жоқ.
004 «Экономикалық тергеудің ақпараттық жүйесін құру» бюджеттік юағдарламасын 416 002 мың теңге, орындалуы 416 001 мың теңгені немесе бір жылға арналған жоспарға 100% құрады. Орындамау мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша үнемдеу есебінен 1 мың теңгені құрады.
Тікелей нәтиже көрсеткіші:
Шығыстар динамикасы: бюджеттік бағдарлама 2023 жылдан бастап іске асырылуда.
Дебиторлық және кредиторлық берешек жоқ.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ ШҰҒЫЛ ШЫҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН РЕЗЕРВІ ЕСЕБІНЕН АЛЫНҒАН ҚАРАЖАТ
109 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резерві есебінен ағымдағы іс-шараларды жүргізу» бюджеттік бағдарламасын іске асыруға Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес (құпия) 9 515 000 мың теңге бөлінді, атқарылуы 9 515 000 мың теңгені құрады, игерілуі 100 %.
Дебиторлық берешек ерекше шығындарға 430,6 мың теңгені құрады (құпия).
Кредиторлық берешек жоқ.
БӨЛІНЕТІН БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР ЕСЕБІНЕН АЛЫНҒАН ҚАРАЖАТ
(138, 101 бөлінетін бюджеттік бағдарлама)
138 «Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасын іске асыруға
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 2023 жылғы 1 ақпандағы №31 бұйрығына сәйкес 15 948 мың теңге сомасында қаражат бөлінді, атқарылуы 15 946 мың теңге немесе жыл жоспарына 100%. Орындамау мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша үнемдеу есебінен 2 мың теңгені құрады.
Тікелей нәтиже көрсеткіші:
Мемлекеттік органға бөлінген бюджет қаражаты шеңберінде оқуға жататын мемлекеттік қызметшілердің саны 133 қызметкерді құрады, жоспар 128 болса, атқарылуы 100%.
Бұл айырмашылық курстардың оқу ұзақтығы әртүрлі, сондай-ақ Астана және Алматы қалалары үшін бір күндік курстың құны республиканың басқа қалаларына ұқсас курстың құнынан өзгеше болуынан пайда болды.
Қызметкерлерді оқыту барысында Астана және алматы қ. Жоспарланған қызметкерлерінің орныны Шымкент қ. Қызметкерлері оқытылыд, осының нәтижесінде 5 бірлікке көрсеткіштің аса орындалыу қалыптасты.
Бюджеттік бағдарлама 2021 жылдан бастап іске асырылуда.
Дебиторлық және кредиторлық берешек жоқ.
101 «Өкілдік шығындарға қаражат есебінен іс – шаралар жүргізу» бюджеттік бағдарламасын іске асыруға «Өкілдік шығындарға бюджет қаражатын бөлу туралы» Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің 2023 жылғы 3 ақпандағы № 11-1-4/48 бұйрығына сәйкес 32 960 мың теңге сомасында қаражат бөлінді, атқарылуы 32 960 мың теңгені немесе жоспардың орындалуы 100% құрады.
Тікелей нәтиже көрсеткіші:
Өкілдік шығындарға қаражат есебінен өткізілген іс-шаралар саны жоспарлы тағайындау кезінде 2 іс-шара өткізілді, оның ішінде 2 бірлік:
Бюджеттік бағдарлама 2021 жылдан бастап іске асырылуда.
Дебиторлық және кредиторлық берешек жоқ.
Бюджет қаражатымен өзара байланыста стратегиялық мақсаттарды іске асыру және нысаналы индикаторларға қол жеткізу туралы талдамалы ақпарат құрылымы
|
1-СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТ «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл, сондай-ақ экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру.». |
|
«Бақыланбайтын (көлеңкелі) экономиканың үлесі, ЖІӨ-дегі %» 2022 жылы – 18,2%» |
|
1.1 - мақсат. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және (немесе) терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жүйесін жетілдіру. |
|
1-нысаналы индикатор «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және (немесе) терроризмді қаржыландыруға байланысты операциялар туралы ҚМА жіберген ақпаратты пайдаланған құқық қорғау органдарының үлесі» |
|
001-бюджеттік бағдарлама «Кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылды, экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтарға қарсы күресті қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтер» |
|
Түпкілікті нәтиже көрсеткіштері: «Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігіне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және (немесе) терроризмді қаржыландыруға байланысты операциялар туралы жіберілген құқық қорғау органдары пайдаланған ақпараттын үлесі: 2023 ж. - 74%» |
|
100 бюджеттік кіші бағдарлама «Кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылды, экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтарға қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету» |
|
Тікелей нәтиже көрсеткіштері: «Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің және оның аумақтық бөлімшелерінің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылды, экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтармен күресті қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және іске асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік мекемелерінің саны – 21 бірлік» |
|
104 бюджеттік кіші бағдарлама «Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету» |
|
Тікелей нәтиже көрсеткіштері: «Жұмыс істейтін ақпараттық жүйелердің саны – 2 бірлік» |
|
105 бюджеттік кіші бағдарлама «Кинология орталығының қызметтері» |
|
Тікелей нәтиже көрсеткіштері: «Есірткі заттарын, жарылғыш заттарды, қару-жарақты, валюта іздеу бағдарламалары бойынша бастапқы даярлау және қайта даярлаудан өткен қызметтік иттері бар кинолог мамандардың саны – 25 адам» |
|
111 бюджеттік кіші бағдарлама «Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің күрделі шығыстары» |
|
Тікелей нәтиже көрсеткіштері: «Криминалистикалық зерттеулер үшін жабдық сатып алу – 20 бірлік»; «Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі мен оның аумақтық органдары үшін сатып алынған жабдықтар мен өзге де негізгі құралдардың саны – 231 бірлік»; «Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі мен оның аумақтық органдары үшін бейнебақылау жүйесі сатып алынды – 1 бірлік»; «Сатып алынатын көліктер саны – 15 бірлік» |
|
123 бюджеттік кіші бағдарлама «Ағымдағы әкімшілік шығыстар» |
|
Тікелей нәтиже көрсеткіштері: «Қаржы барлау бөлімшелерінің материалдары бойынша Жедел есепке алу істері жөніндегі процестік шешімдер саны – 100 бірлік»; «Қаржы барлау бөлімшелерінің Экономикалық тергеп-тексеру қызметіне жіберген бастама материалдарының саны – 120 бірлік» |
|
1.2-мақсат «Көлеңкелі» нарықты анықтаудың бұлтартпастығы» 1-нысаналы индикатор «Өндірісте болғандар қатарынан іс жүргізумен аяқталған қылмыстық істердің үлесі» |
|
002 бюджеттік бағдарлама «Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру» |
|
Түпкілікті нәтиже көрсеткіштері (құпия) |
|
003 бюджеттік бағдарлама «Сотқа дейінгі тергеп-тексеру» |
|
Түпкілікті нәтиже көрсеткіштері: «Іс жүргізудегі қылмыстық істер санынан іс жүргізу аяқталған қылмыстық істердің үлесі: 2022 ж. – 64,5%» |
|
Тікелей нәтиже көрсеткіштері: «Сотқа жіберілген ауыр және аса ауыр қылмыстардың саны – 500 бірлік» |
|
004 «Экономикалық тергеудің ақпараттық жүйесін құру» |
|
Тікелей нәтиже көрсеткіштері: 1. ЛБҚ сатып алу орындалу 1 бірлік; 2. Серверлік жабдықты сатып алу 1 бірлік. |