|
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
|
|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
|
|
____№____
Нұр-Сұлтан қаласы |
|
____№____
Нұр-Сұлтан қаласы |
БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ
«Нотариустарға арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы
іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 531 және Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 360 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы
Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Нотариустарға арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптар осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген
іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.