«Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2-қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына және Қоғамдық Кеңес туралы Үлгілік ережеге (Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген) сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурс жариялайды. Жұмыс тобының сандық құрамы мемлекеттік орган өкілдерінен кем дегенде 1\3 және коммерциялық емес ұйымдардан азаматтардың кем дегенде 2\3.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері келесі құжаттарды қолма-қол немесе хабарландыруда көрсетілген мемлекеттік органның, квазимемлекеттік сектор субъектісінің немесе жергілікті өкілді органның электрондық мекенжайына жібереді:
Конкурсты өткізу мерзімі конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күнін құрайды.
Құжаттар 2024 жылғы 16 ақпанда (қоса алғанда) сағат 18:00-ге дейін (Астана уақыты бойынша) мына мекенжай бойынша қолма-қол қабылданады: 010000, Астана қ., Бейбітшілік көшесі, 10, немесе электрондық адреске: Zh.alashbaeva@afmrk.gov.kz
Жұмыс тобының сандық құрамы 3-тен 5 мүшеге дейін, жұмыс тобындағы азаматтық қоғам өкілдерінің саны оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрауы тиіс.
Жұмыс тобының отырыстарына үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері болып табылатын дауыс беру құқығы жоқ байқаушылар қатысуға жіберіледі.
Байқаушы болуға ниет білдірген адам байқаушы ретінде жұмыс тобының отырысына қатысу үшін мемлекеттік органға, республикалық деңгейдегі квазимемлекеттік сектор субъектісіне немесе жергілікті деңгейдегі жергілікті өкілді органға береді немесе байқаушы ретінде қатысу үшін «Қоғамдық кеңестер туралы» Үлгілік ереженің 2-қосымшасына сәйкес форма бойынша Қоғамдық кеңесті құру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурсқа өтінішті электрондық поштаға жібереді.
Құқықтық актілерге сілтемелер:
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1500000383
«Қоғамдық кеңес туралы» Үлгілік ереже https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2100022264