«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабы 1-тармағына Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) БҰЙЫРАДЫ және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында төлем ұйымдары үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 27 қазандағы № 532 және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қазандағы № 262 бірлескен бұйрығы және қаулысы;
2) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында төлем ұйымдары үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 4 қазандағы № 532 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қазандағы № 262 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 18 қыркүйектегі № 883 және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 113 бірлескен бұйрығы және қаулысы күші жойылды деп танылсын.
1) осы бірлескен бұйрық пен қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрық пен қаулыны Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.