Азаматтардың мемлекеттік қызметке түсу тәртібі

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы ережелер

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетіне (бұдан әрі – ҚР ҚМ ҚМК) келесі құжаттарды ұсынады:

  1. адр есебі жөніндегі жеке іс парағы (тұрғылықты мекен-жайы мен телефоны көрсетілген) –көшіріп алуға болады;
  2. Дипломның көшірмесі (нотариалдық расталған);
  3. Дипломға қосымшаның көшірмесі (нотариалдық расталған);
  4. Еңбек кітапшасының көшірмесі (нотариалдық расталған);
  5. Сауалнама - көшіріп алуға болады;
  6. Өтініш (тест тапсырғн жерді және тілін көрсетумен) - көшіріп алуға болады;
  7. Жеке күәліктің көшірмесі;
  8. Мемлекеттік қызметке кіру үшін қажетті (086) медициналық анықтама;
  9. 3 х 4 көлеміндегі 4 фотосурет;
  10. Құжаттарды арнайы папкаға тігу қажет.

Үміткер білімі, еңбек тәжірибесі, кәсіптік деңгейі және атағы жөніндегі қосымша ақпаратты (біліктілікті жоғарылату, ғылыми дәреже немесе атақ беру, ұсыныс, мінездеме, ғылыми жариялау жөніндегі құжаттың көшірмесін және т.б.) ұсына алады.

Конкурсқа қатысуға төмендегі азаматтар жіберілмейді:

  • 18 жасқа толмағандар
  • зандық күшіне ие соттық шешімі бойынша еңбекке жарамсыз немесе еңбек жарамдылығы шектелен азаматтар;
  • зандық күшіне ие соттық шешімі бойынша белгіленген нақты бір мерзім ішінде мемлекеттік қызметтен босатылған азаматтар;
  • жемқорлық қылмыстарын  жасағандар;
  • мемлекеттік  қызметке  орналасу кезіне жойылмаған немесе заңмен белгіленген тәртіпте алынбаған  соттылығы бар азаматтар;
  • Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздемелер негіз болып табылады.

Өз уақытынан тыс немесе толық тапсырылмаған құжаттар, үміткерлерге қойылған талапқа сәйкессіздігінен байқауға қатыстырмауға негіз бола алады.

Тестке жіберілген үміткерлер ҚР Мемлекеттік қызметі жөніндегі Агенттігінде тесттен өтеді.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер ҚР ҚМ ҚМК-де сұхбаттан өтеді.

Конкурсқа қатысуға жұмсалған шығындарды (тестілендіруден өту орнына немесе әңгімелесуге және кері қайтуға, баспананы жалға алу, байланыстың барлық түрлерінің қызметі)  азаматтар өз есебінен төлейді.

Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурстың ережелері республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады (Егемен Қазақстан және Казахстанская правда газеттерінде). 

 

Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексi туралы

Азаматтардың мемлекеттік қызметке түсу тәртібі
Дата публикации
02 января 2019