Өтініштерді қарау нәтижелері бойынша қабылданған шешімдерге шағым жасау тәртібі

Өтініштерді қарау нәтижелері бойынша қабылданған шешімдерге

 шағым жасау тәртібі

 

«Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес  лауазымды тұлғалардың iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), сондай-ақ субъектiнiң шешiмдерiне бағыныстылық тәртiбiмен жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе субъектiге, жеке немесе заңды тұлғаға тиiстi субъектiнiң немесе заңды тұлғаның iс-әрекет жасағаны не шешiм қабылдағаны туралы белгiлi болған кезден бастап, үш айдан кешiктiрiлмей шағым берiледi.

Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кетуi субъектi немесе заңды тұлға үшiн шағымды қараудан бас тартуға негiз болып табылмайды. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кету себептерi шағымды мәнi бойынша қарау кезiнде анықталады және шағымды қанағаттандырудан бас тартуға негiздердiң бiрi болып шығуы мүмкін.

Жоғары тұрған лауазымды тұлға немесе субъект болмаған не арыз берушi қабылданған шешiммен келiспеген жағдайда арыз тiкелей сотқа берiледi.

Заңның 7-бабының 3-тармағына сәйкес субъектілер басшылары және лауазымды тұлғаларға жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмысты ұйымдастыру, азаматтарды қабылдаудың жағдайы, тіркеу және есепке алу үшін жеке жауапкершілік жүктелген.

 

Өтініштерді қарау нәтижелері бойынша қабылданған шешімдерге шағым жасау тәртібі
Дата публикации
02 декабря 2019