Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Қаржы мониторингі комитетінің 2019 жылдың 9 айы бойынша азаматтардың өтініштерімен жасаған жұмысы туралы анықтама
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінде 2019 жылдың 9 айында қарауға жеке және заңды тұлғалардан барлығы 867 өтініш келіп түсті (өтініштер – 701, шағымдар – 49, басқалары тұлғалардан – 117).
Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен 698 өтініштің 511-і қаралды (оның ішінде түсіндірілгені - 338, қанағаттандырылғаны - 143, қабылданбағаны - 20, қаралуы тоқтатылғаны – 10).
Көрсетілген кезеңде өтініштерде жеке және заңды тұлғаларды тіркеу және есепке алу, мемлекеттік органдардан, қоғамдық бірлестіктер мен заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мәселелері жөніндегі қаржы мониторингі субъектілерінен ФМ-1 және басқа да нысандар бойынша хабарламаларды қабылданғаны/қабылданбағаны туралы хабарламалардың ұсынылғаны жөніндегі мәселелер қозғалды.
2019 жылдың 9 айында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінде жеке тұлғалардың және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесіне сәйкес, басшылық 5 адамды қабылдады, барлығына түсініктемелер берілді (1 – Терроризм мен экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізімінде болуға қатысты, 1 – жұмысқа қайта орналастыру, 3 – қылмыстық істер бойынша).