Қаржылық мониторинг субъектілеріне хабарлама

Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 24 қарашадағы № 75-VII Заңымен Қазақстан Республикасының Заңына 2009 жылғы 28 тамыздағы «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» (бұдан әрі – Заң) өзгерістер мен толықтырулар енгізілді (2022 жылғы 19 қаңтарда қолданысқа енгізілді).

Заңның 16-бабына сәйкес уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін жария лауазымды адамдардың тізбесіне кіретін жария лауазымды адамдардың, олардың жұбайларының және жақын туыстарының тізімін жүргізеді.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасын әзірледі және мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберді.

Жария лауазымды тұлғалардың бекітілген тізімі қаржы мониторингі субъектілерінің назарына жеткізілетін болады

Объявление для субъектов финансового мониторинга
Дата публикации
20 января 2022