ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Қоғамдық кеңесінің отырысы: Қоғамдық кеңестің құрамына қосымша мүшелер сайланды.

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Қоғамдық кеңесінің отырысы: Қоғамдық кеңестің құрамына қосымша мүшелер сайланды.

 

Бүгін, 2022 жылы 12-қаңтарда бейне-конференц-байланыс режимінде Қоғамдық кеңестің кезекті, биылғы бірінші отырысы өтті.

Отырыс басында Қоғамдық кеңес мүшелері террористік акт кезінде қаза тапқандарды еске алып, Мемлекет басшысы мен Үкіметтің іс-қимылдарына қолдау білдірді.

Отырыс барысында:

-Қоғамдық кеңес төрағасы С.Е.Шунеев 2021 жылдың жұмыс қорытындысы бойынша баяндама жасады.

-Қоғамдық кеңестің 2022 жылдың 1-жартыжылдығына арналған жұмыс жоспары бекітілді, оның ішінде Агенттіктің аумақтық бөлімшелерінің жұмысы туралы есептері тыңдалды.

-Қоғамдық кеңес өткізілген ашық конкурс нәтижелері бойынша құрамына қосымша мүшелерді сайлады.

Жаңадан сайланғандардың ішінде:

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Раманқұлов Мақсат Базаралыұлы,

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Өмірғали Ерлік Қайдарұлы,

«Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ректоры, академик Наметов Асқар Мырзахметұлы.

Сондай-ақ, кәсіпкерлік және құқықтық орта өкілдері:

К.М.Әбішов, Ж. Бектеміров, Е. Увалиев.

Қоғамдық кеңес төрағасы С.Е.Шунеев мүшелер санының артуы Қоғамдық кеңес қызметінің оң нәтижелілігіне өз септігін тигізетінін атап өтті.

Баяндамалар тыңдалды және келесі НҚА бойынша ұсынымдар берілді:

1) Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландырудың тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шараларды бекіту туралы.

2) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 16 тамыздағы № 7 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 16 тамыздағы № 80 «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтаудың тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы» бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы.

3) Қаржылық мониторинг органдары жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеп-тексеру қызметі) ұсталғандарды және қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру қағидаларын бекіту туралы.

4) Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу қызметі бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) кадрлық саясатты іске асырудың кейбір мәселелері туралы.

5) Кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдеріне бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы.

6) Ойын бизнесі мен лотереяларды ұйымдастырушыларға арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы.

7) Ақша аударымы қызметін көрсететін почта операторларына арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы.

8) Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің 2014 жылғы          6 тамыздағы № 5 және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а.       2021 жылғы 19 тамыздағы бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы № 722 «нотариустар үшін Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы».

9) «Қаржылық емес сектор үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 6 тамыздағы № 4 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы».

10) Тауар биржасына арналған қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы
іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы.

11) Бірлескен бұйрық «Цифрлық активтер бойынша қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы.

12) Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау белгілерін бекіту туралы.

13) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына реттеушілік саясаттың консультативтік құжаты.

14) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы.

15) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы.

Сараптау тобы туралы ереже» бекітілді және Сараптау тобы құрылды.

-Тастан Т.Р. – ғылыми және коммерциялық емес сектордың өкілі. Экономика ғылымдарының кандидаты, Психология ғылымдарының докторы,

-Қопабаев А.О. – ҚР ҚМА Қоғамдық кеңесінің мүшесі,

-Бекбосынов Е.Т. – философия докторы (PhD), М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық» кафедрасының доценті.

 

Нұр-Сұлтан қ.

2022 жыл 12-қаңтар

Ақпарат
Дата публикации
12 января 2022