Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
3-тармақтың 1) және 2) тармақшаларын мынадай редакцияда жазылсын:
«1) іс-шаралардың уақтылы іске асырылуын және Кешенді жоспарда көзделген көрсеткіштерге қол жеткізуді қамтамасыз ету;
2) жылына екі рет, есепті жарты жылдықтан кейінгі 15 қаңтардан және
15 шілдеден кешіктірмей Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігіне (бұдан әрі – Агенттік) (келісім бойынша) Кешенді іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.»;
мынадай мазмұндағы 3-1 тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Ұлттық статистика бюросы (келісім бойынша) есепті жылдан кейінгі 30 тамыздан кешіктірмей Агенттікке (келісім бойынша) Кешенді жоспардың көрсеткіштеріне қол жеткізу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.»;
4 және 5 тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Агенттік (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесіне қызметтің барысы туралы жиынтық ақпарат берсін:
1) Кешенді жоспардың іс-шараларын есепті жарты жылдан кейінгі жылдың 15 наурызынан және 15 қыркүйегінен кешіктірмей іске асыру;
2) Кешенді жоспар көрсеткіштеріне қол жеткізу есепті жылдан кейінгі
15 қыркүйектен кешіктірмей;
1) Кешенді жоспардың іс-шараларын есепті жылдан кейінгі 15 сәуірден кешіктірмей іске асыру;
2) Кешенді жоспар көрсеткіштеріне қол жеткізу есепті жылдан кейінгі
30 қыркүйектен кешіктірмей.».
осы қаулының қосымшасына сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың 2021 – 2023 жылдарға арналған кешенді жоспарын, осы қаулымен бекітілген, келесі ескертпемен толықтырылсын:
«Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
|
АҚШ |
– |
Америка Құрама Штаттары |
|
БҒМ |
– |
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі |
|
ЖІӨ |
– |
жалпы ішкі өнім |
|
ЖЖТ |
– |
жылдық жиынтық табыс |
|
СЖРА ҰСБ |
– |
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы.»; |
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин