БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ
Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы
Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтаудың тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының
3-тармағына және 143-бабының 1-тармағына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 8-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін және тексеру парақтарының нысанын қалыптастыру қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) БҰЙЫРАМЫЗ:
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтаудың тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес заң консультанттарына, заң мәселелері жөніндегі тәуелсіз мамандарға; лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын дара кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға; жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асыру кезінде делдалдық қызметтер көрсететін дара кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға; бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға қатысты Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтаудың мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы;
3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес бухгалтерлік есеп саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бухгалтерлік ұйымдар мен кәсіби бухгалтерлерге қатысты Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтаудың мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы бекітілсін.
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 20 __ жылғы «__» _____ № __ және Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 20 __ жылғы «__» _____ № __ бірлескен бұйрығына 1-қосымша |
Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған
кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын
сақтаудың тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары
1-тарау. Жалпы ережелер
1) бақылау субъектілері –заң консультанттары, заң мәселелері бойынша тәуелсіз мамандар; лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар; жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асыру кезінде делдалдық қызметтер көрсететін дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар; бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, бухгалтерлік есеп саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бухгалтерлік ұйымдар мен кәсіби бухгалтерлер;
2) болмашы бұзушылықтар – бақылау субъектілері әзірлеген мәліметтерді тіркеу, мәліметтер мен құжаттарды сақтау, құжаттарды қорғау бөлігінде шаралардың сақталмауына, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы
іс-қимыл саласында даярлау және оқыту бағдарламасының болмауына байланысты бұзушылықтар;
3) елеулі бұзушылықтар – бақылау субъектілерінің қаржылық мониторингке жататын ақшамен және (немесе) мүлікпен жасалатын операциялар (шекті сомаға тең немесе одан асатын операция) туралы ақпаратты, қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) сұрау салуы бойынша ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды ұсынбауына, уақытылы ұсынбауына, клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру жөніндегі шаралардың қолданбауына, бақылау субъектілерінің клиентке іскерлік қатынастар орнатудан және ақшамен операциялар жүргізуден бас тарту және (немесе) іскерлік қатынастар орнатудан және ақшамен және (немесе) мүлікпен операциялар жүргізуден бас тарту туралы ақпарат ұсынудан бас тарту жөніндегі міндеттерді орындамауына, бұзушылық фактісі расталған немесе бұзушылық белгілері бар жеке және (немесе) заңды тұлғалардан келіп түскен бір өтініштің немесе шағымның болуына байланысты бұзушылықтар;
4) өрескел бұзушылықтар – бақылау субъектілерінің қылмыстық кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру типологияларына, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар күдікті операциялар мен клиенттің операциялары туралы ақпаратты ұсынбауына, уақытылы ұсынбауына, ақшамен және (немесе) мүлікпен жасалатын операцияларды тоқтату және (немесе) ақшамен және (немесе) мүлікпен жасалатын операцияларды тоқтату жөніндегі шаралар туралы ақпарат беру жөнінде шаралардың қолданбауына, уәкілетті органның шешімі бойынша клиенттердің операцияларын тоқтата тұрмауына, өз клиенттеріне (олардың өкілдеріне) және (немесе) бенефициарлық меншік иелеріне уәкілетті органға ақпарат беру туралы хабарлау жөніндегі талаптарын бұзуына, ішкі бақылау қағидаларының болмауына, қабылданған ішкі бақылау қағидалары мен оны жүзеге асыру бағдарламаларының бекітілген талаптарға сәйкес келмеуіне, уәкілетті органға қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама жібермеуіне, бұзушылық фактісі расталған немесе бұзушылық белгілері бар жеке және (немесе) заңды тұлғалардан келіп түскен екі және одан да көп өтініштердің немесе шағымдардың болуына, мемлекеттік органдардан және ұйымдардан бұзушылық фактілерімен келіп түскен расталған мәліметтердің болуына байланысты бұзушылықтар;
5) тәуекел – бақылау субъектісі қызметінің нәтижесінде оның салдарының ауырлық дәрежесін ескере отырып, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы;
6) тәуекелдерді бағалау жүйесі – бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындау мақсатында бақылау органы жүргізетін іс-шаралар кешені;
7) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары
(бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы тәуекел дәрежесіне байланысты бақылау субъектілерін іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
8) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары
(бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау субъектісі қызметінің нәтижелеріне байланысты бақылау субъектілерін іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
9) ішкі бақылау – кірістерді жылыстатуды заңдастыруды және терроризмді қаржыландыруды болдырмау мақсатында бақылау субъектісі қабылдайтын ұйымдастыру, саясат, рәсімдер мен әдістер жүйесі.
2-тарау. Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтаудың тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары
1) тәуекелді анықтау;
2) бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелері бойынша (жоғары және жоғары дәрежеге жатқызылмаған) топтастыру және бөлу.
3-тарау. Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтаудың тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары
1) деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау;
2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау.
1) бақылау субъектісі ұсынатын, оның ішінде автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы берілетін мәліметтер мониторингінің нәтижелері;
2) алдыңғы тексерулердің және бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылаудың нәтижелері;
3) шағымдар мен өтініштердің болуы;
4) мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері.
4-тарау. Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтаудың тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткішін есептеу тәртібі
1) бір өрескел бұзушылық анықталған кезде бақылау субъектісіне 100 тәуекел дәрежесінің көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.
Егер өрескел бұзушылықтар анықталмаса, тәуекел дәрежесінің көрсеткішін анықтау үшін елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткіш есептеледі;
2) елеулі бұзушылықтар көрсеткішін анықтау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі:
SРз = (SР2 х 100/SР1) х 0,7, мұндағы:
SРз – елеулі бұзушылықтар көрсеткіші;
SР1 – елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;
SР2 – анықталған елеулі бұзушылықтар саны;
3) болмашы бұзушылықтар көрсеткішін анықтау кезінде
0,3 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі:
SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,3, мұндағы:
SРн – болмашы бұзушылықтар көрсеткіші;
SР1 – болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;
SР2 – анықталған болмашы бұзушылықтар саны;
4) тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (ЅР) 0-ден 100-ге дейінгі шкала бойынша есептеледі және елеулі және болмашы бұзушылықтар көрсеткіштерін қосу жолымен мынадай формула бойынша анықталады:
SР = SРз + SРн, мұндағы:
SР – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;
SРз – елеулі бұзушылықтар көрсеткіші;
SРн – болмашы бұзушылықтар көрсеткіші;
Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау субъектісі мыналарға жатқызылады:
1) тәуекелдің жоғары дәрежесіне – тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 61-ден 100-ге дейін қоса алғанда және оған қатысты бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі;
2) тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылмағанға – тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 60-қа дейін болған кезде және оған қатысты бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілмейді.
Қазақстан Республикасының
қылмыстық жолмен алынған
кірістерді заңдастыруға
(жылыстатуға) және терроризмді
қаржыландыруға қарсы
іс-қимыл туралы заңнамасын
сақтаудың тәуекел дәрежесін
бағалау өлшемшарттарына
қосымша
Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы
іс-қимыл туралы заңнамасын сақтаудың тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары
|
№ |
Өлшемшарттар |
Бұзушылық дәрежесі |
|
1-бөлім. Бақылау субъектісі, оның ішінде автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы ұсынылатын мәліметтер мониторингінің нәтижелері (ауырлық дәрежесі төменде көрсетілген талаптар сақталмаған кезде белгіленеді) |
||
|
1 |
Қаржылық мониторингке жататын ақшамен және (немесе) мүлікпен жасалатын операциялар (шекті сомаға тең немесе одан асатын операция) туралы ақпаратты уақытылы ұсыну (жасалған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей) |
елеулі |
|
2 |
Күдікті операциялар туралы ақпаратты уақытылы ұсыну (операция күдікті деп танылған кезде мұндай операция жүргізілгенге дейін уәкілетті органға дереу хабарлау) |
өрескел |
|
3 |
Күдікті операциялар туралы ақпаратты уақытылы ұсыну (олар жүргізілгенге дейін күдікті деп танылмаған операциялар күдікті деп танылғаннан кейін бақылау субъектісінің ішкі бақылау қағидаларына сәйкес жиырма төрт сағаттан кешіктірілмей ұсынылады) |
өрескел |
|
4 |
Қылмыстық кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру типологияларына, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар күдікті операциялар мен клиенттің операциялары туралы ақпаратты ұсыну |
өрескел |
|
5 |
Уәкілетті органның сұрау салуы бойынша ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды уақытылы ұсыну |
елеулі |
|
6 |
Уәкілетті органның сұрау салуы бойынша ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды уақытылы ұсыну (күдікті операцияны талдауға байланысты сұрау салу бойынша бақылау субъектісі қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды сұрау салуды алған күннен бастап жұмыс күнінен кешіктірмей беруге міндетті) |
елеулі |
|
2-бөлім. Алдыңғы тексерулердің және бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылаудың нәтижелері (ауырлық дәрежесі төменде көрсетілген талаптар сақталмаған кезде белгіленеді) |
||
|
7 |
Мәліметтерді тіркеу, мәліметтер мен құжаттарды сақтау, құжаттарды қорғау бөлігінде шараларды сақтау |
болмашы |
|
8 |
Бақылау субъектілері әзірлеген қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы даярлау және оқыту бағдарламасының болуы |
болмашы |
|
9 |
Қаржылық мониторингке жататын ақшамен және (немесе) мүлікпен жасалатын операциялар (шекті сомаға тең немесе одан асатын операция) туралы ақпаратты ұсыну (жасалған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей) |
елеулі |
|
10 |
Күдікті операциялар туралы ақпаратты ұсыну (операция күдікті деп танылған кезде мұндай операция жүргізілгенге дейін уәкілетті органға дереу хабарлау) |
өрескел |
|
11 |
Күдікті операциялар туралы ақпаратты ұсыну (олар жүргізілгенге дейін күдікті деп танылмаған операциялар күдікті деп танылғаннан кейін бақылау субъектісінің ішкі бақылау қағидаларына сәйкес жиырма төрт сағаттан кешіктірілмей ұсынылады) |
өрескел |
|
12 |
Қылмыстық кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру типологияларына, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар күдікті операциялар мен клиенттің операциялары туралы ақпаратты ұсыну |
өрескел |
|
13 |
Уәкілетті органның сұрау салуы бойынша ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды ұсыну |
елеулі |
|
14 |
Уәкілетті органның сұрау салуы бойынша ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды ұсыну (күдікті операцияны талдауға байланысты сұрау салу бойынша бақылау субъектісі қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды сұрау салуды алған күннен бастап жұмыс күнінен кешіктірмей беруге міндетті) |
елеулі |
|
15 |
Клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру жөнінде шаралар қолдану |
елеулі |
|
16 |
Бақылау субъектілерінің клиентке іскерлік қатынастар орнатудан және ақшамен операциялар жүргізуден бас тарту және (немесе) іскерлік қатынастар орнатудан және ақшамен және (немесе) мүлікпен операциялар жүргізуден бас тарту туралы ақпарат ұсынудан бас тарту жөніндегі міндеттерді орындауы |
елеулі |
|
17 |
Ақшамен және (немесе) мүлікпен жасалатын операцияларды тоқтату және (немесе) ақшамен және (немесе) мүлікпен жасалатын операцияларды тоқтату жөніндегі шаралар туралы ақпарат беру жөнінде шаралар қолдану |
өрескел |
|
18 |
Уәкілетті органның шешімі бойынша клиенттердің операцияларын тоқтата тұру |
өрескел |
|
19 |
Өз клиенттеріне (олардың өкілдеріне) және (немесе) бенефициарлық меншік иелеріне уәкілетті органға ақпарат беру туралы хабарламау жөніндегі талаптарын сақтау |
өрескел |
|
20 |
Ішкі бақылау ережелерінің болуы |
өрескел |
|
21 |
Қабылданған ішкі бақылау қағидалары мен оны жүзеге асыру бағдарламаларының бекітілген талаптарға сәйкес келуі (ішкі бақылау қағидаларын іске асыруға және сақтауға жауапты бақылау субъектілерінің қызметкерлеріне қойылатын талаптарды қоса алғанда, ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы, технологиялық жетістіктерді пайдалану тәуекелін қоса алғанда, клиенттердің тәуекелдері мен қызметтерді қылмыстық мақсаттарда пайдалану тәуекелдерін ескеретін тәуекелдерді басқару бағдарламасы, клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасы, клиенттердің күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларын зерделеуді қоса алғанда, клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасы) |
өрескел |
|
22 |
Уәкілетті органға қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама жіберу |
өрескел |
|
3-бөлім. Шағымдар мен өтініштердің болуы |
||
|
23 |
Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұзу фактісі расталған немесе бұзушылық белгілері бар жеке және (немесе) заңды тұлғалардан келіп түскен бір өтініштің немесе шағымның болуы |
елеулі |
|
24 |
Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұзу фактісі расталған немесе бұзушылық белгілері бар жеке және (немесе) заңды тұлғалардан келіп түскен екі және одан да көп өтініштердің немесе шағымдардың болуы |
өрескел |
|
4-бөлім. Мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері |
||
|
25 |
Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұзу фактілерімен мемлекеттік органдардан келіп түскен расталған мәліметтердің болуы |
өрескел |
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
20__жылғы «__»______ № _____
және
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының
20__жылғы «__»______ № _____
бірлескен бұйрығына
2-қосымша
Заң консультанттарына, заң мәселелері жөніндегі тәуелсіз мамандарға; лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын дара кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға; жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асыру кезінде делдалдық қызметтер көрсететін дара кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға; бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға қатысты Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтаудың мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 138 бабына сәйкес
_______________________________________________________________
_____________________________________________________________ қатысты бақылау субъектілерінің біртекті тобының атауы
____________________________________________________________________
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган________________________________ ____________________________________________________________________
Бақылау субъектісіне бару арқылы тексеруді/профилактикалық бақылауды тағайындау туралы Акті________________________________________________
____________________________________________________________________
№, күні
Бақылау субъектісінің атауы____________________________________________
____________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің жеке тұлға үшін жеке сәйкестендіру нөмірі,
заңды тұлға үшін бизнес-сәйкестендіру нөмірі ________________________________________________________________________________________________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы ________________________________________
____________________________________________________________________
|
№ |
Талаптар тізбесі |
Талап етіледі |
Талап етілмейді |
Талаптарға сәйкес келеді |
Талаптарға сәйкес келмейді |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
1 |
Мәліметтерді тіркеу, мәліметтер мен құжаттарды сақтау, құжаттарды қорғау бөлігінде шараларды сақтау |
|
|
|
|
|
2 |
Бақылау субъектілері әзірлеген қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы даярлау және оқыту бағдарламасының болуы |
|
|
|
|
|
3 |
Қаржылық мониторингке жататын ақшамен және (немесе) мүлікпен жасалатын операциялар (шекті сомаға тең немесе одан асатын операция) туралы ақпаратты ұсыну (жасалған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей) |
|
|
|
|
|
4 |
Күдікті операциялар туралы ақпаратты ұсыну (операция күдікті деп танылған кезде мұндай операция жүргізілгенге дейін уәкілетті органға дереу хабарлау) |
|
|
|
|
|
5 |
Күдікті операциялар туралы ақпаратты ұсыну (олар жүргізілгенге дейін күдікті деп танылмаған операциялар күдікті деп танылғаннан кейін бақылау субъектісінің ішкі бақылау қағидаларына сәйкес жиырма төрт сағаттан кешіктірілмей ұсынылады) |
|
|
|
|
|
6 |
Қылмыстық кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру типологияларына, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар күдікті операциялар мен клиенттің операциялары туралы ақпаратты ұсыну |
|
|
|
|
|
7 |
Уәкілетті органның сұрау салуы бойынша ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды ұсыну |
|
|
|
|
|
8 |
Уәкілетті органның сұрау салуы бойынша ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды ұсыну (күдікті операцияны талдауға байланысты сұрау салу бойынша бақылау субъектісі қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды сұрау салуды алған күннен бастап жұмыс күнінен кешіктірмей беруге міндетті) |
|
|
|
|
|
9 |
Клиенттер-ді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру жөнінде шаралар қолдану |
|
|
|
|
|
10 |
Бақылау субъектілерінің клиентке іскерлік қатынастар орнатудан және ақшамен операциялар жүргізуден бас тарту және (немесе) іскерлік қатынастар орнатудан және ақшамен және (немесе) мүлікпен операциялар жүргізуден бас тарту туралы ақпарат ұсынудан бас тарту жөніндегі міндеттерді орындауы |
|
|
|
|
|
11 |
Ақшамен және (немесе) мүлікпен жасалатын операцияларды тоқтату және (немесе) ақшамен және (немесе) мүлікпен жасалатын операцияларды тоқтату жөніндегі шаралар туралы ақпарат беру жөнінде шаралар қолдану |
|
|
|
|
|
12 |
Уәкілетті органның шешімі бойынша клиенттердің операцияларын тоқтата тұру |
|
|
|
|
|
13 |
Өз клиенттеріне (олардың өкілдеріне) және (немесе) бенефициарлық меншік иелеріне уәкілетті органға ақпарат беру туралы хабарламау жөніндегі талаптарын сақтау |
|
|
|
|
|
14 |
Ішкі бақылау ережелерінің болуы |
|
|
|
|
|
15 |
Қабылданған ішкі бақылау қағидалары мен оны жүзеге асыру бағдарламаларының бекітілген талаптарға сәйкес келуі (ішкі бақылау қағидаларын іске асыруға және сақтауға жауапты бақылау субъектілерінің қызметкерлеріне қойылатын талаптарды қоса алғанда, ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы, технологиялық жетістіктерді пайдалану тәуекелін қоса алғанда, клиенттердің тәуекелдері мен қызметтерді қылмыстық мақсаттарда пайдалану тәуекелдерін ескеретін тәуекелдерді басқару бағдарламасы, клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасы, клиенттердің күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларын зерделеуді қоса алғанда, клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасы) |
|
|
|
|
|
16 |
Уәкілетті органға қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама жіберу |
|
|
|
|
Лауазымды тұлға(лар) ____________________________ ____________________
лауазымы қолы ____________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Бақылау субъектісінің басшысы ________________________ ________________
лауазымы қолы ____________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
20__жылғы «__»______ № _____
және
Қазақстан Республикасы
Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 20__жылғы «__» ______ № _____
бірлескен бұйрығына
3-қосымша
Бухгалтерлік есеп саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бухгалтерлік ұйымдар мен кәсіби бухгалтерлерге қатысты
Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға
қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтаудың
мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 138 бабына сәйкес
_______________________________________________________________
_____________________________________________________________ қатысты бақылау субъектілерінің біртекті тобының атауы
____________________________________________________________________
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган________________________________ ____________________________________________________________________
Бақылау субъектісіне бару арқылы тексеруді/профилактикалық бақылауды тағайындау туралы Акті________________________________________________
____________________________________________________________________
№, күні
Бақылау субъектісінің атауы____________________________________________
____________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің жеке тұлға үшін жеке сәйкестендіру нөмірі,
заңды тұлға үшін бизнес-сәйкестендіру нөмірі ________________________________________________________________________________________________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы ________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
|
№ |
Талаптар тізбесі |
Талап етіледі |
Талап етілмейді |
Талаптара сәйкес келеді |
Талаптарға сәйкес келмейді |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
1 |
Мәліметтерді тіркеу, мәліметтер мен құжаттарды сақтау, құжаттарды қорғау бөлігінде шараларды сақтау |
|
|
|
|
|
2 |
Бақылау субъектілері әзірлеген қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы даярлау және оқыту бағдарламасының болуы |
|
|
|
|
|
3 |
Қаржылық мониторингке жататын ақшамен және (немесе) мүлікпен жасалатын операциялар (шекті сомаға тең немесе одан асатын операция) туралы ақпаратты ұсыну (жасалған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей) |
|
|
|
|
|
4 |
Күдікті операциялар туралы ақпаратты ұсыну (операция күдікті деп танылған кезде мұндай операция жүргізілгенге дейін уәкілетті органға дереу хабарлау) |
|
|
|
|
|
5 |
Күдікті операциялар туралы ақпаратты ұсыну (олар жүргізілгенге дейін күдікті деп танылмаған операциялар күдікті деп танылғаннан кейін бақылау субъектісінің ішкі бақылау қағидаларына сәйкес жиырма төрт сағаттан кешіктірілмей ұсынылады) |
|
|
|
|
|
6 |
Қылмыстық кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру типологияларына, схемалары мен тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамалары бар күдікті операциялар мен клиенттің операциялары туралы ақпаратты ұсыну |
|
|
|
|
|
7 |
Уәкілетті органның сұрау салуы бойынша ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды ұсыну |
|
|
|
|
|
8 |
Уәкілетті органның сұрау салуы бойынша ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды ұсыну (күдікті операцияны талдауға байланысты сұрау салу бойынша бақылау субъектісі қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды сұрау салуды алған күннен бастап жұмыс күнінен кешіктірмей беруге міндетті) |
|
|
|
|
|
9 |
Клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру жөнінде шаралар қолдану |
|
|
|
|
|
10 |
Бақылау субъектілерінің клиентке іскерлік қатынастар орнатудан және ақшамен операциялар жүргізуден бас тарту және (немесе) іскерлік қатынастар орнатудан және ақшамен және (немесе) мүлікпен операциялар жүргізуден бас тарту туралы ақпарат ұсынудан бас тарту жөніндегі міндеттерді орындауы |
|
|
|
|
|
11 |
Ақшамен және (немесе) мүлікпен жасалатын операцияларды тоқтату және (немесе) ақшамен және (немесе) мүлікпен жасалатын операцияларды тоқтату жөніндегі шаралар туралы ақпарат беру жөнінде шаралар қолдану |
|
|
|
|
|
12 |
Уәкілетті органның шешімі бойынша клиенттердің операцияларын тоқтата тұру |
|
|
|
|
|
13 |
Өз клиенттеріне (олардың өкілдеріне) және (немесе) бенефициарлық меншік иелеріне уәкілетті органға ақпарат беру туралы хабарламау жөніндегі талаптарын сақтау |
|
|
|
|
|
14 |
Ішкі бақылау ережелерінің болуы |
|
|
|
|
|
15 |
Қабылданған ішкі бақылау қағидалары мен оны жүзеге асыру бағдарламаларының бекітілген талаптарға сәйкес келуі (ішкі бақылау қағидаларын іске асыруға және сақтауға жауапты бақылау субъектілерінің қызметкерлеріне қойылатын талаптарды қоса алғанда, ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы, технологиялық жетістіктерді пайдалану тәуекелін қоса алғанда, клиенттердің тәуекелдері мен қызметтерді қылмыстық мақсаттарда пайдалану тәуекелдерін ескеретін тәуекелдерді басқару бағдарламасы, клиенттерді сәйкестендіру бағдарламасы, клиенттердің күрделі, ерекше ірі және басқа да ерекше операцияларын зерделеуді қоса алғанда, клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасы) |
|
|
|
|
Лауазымды тұлға(лар) _______________________________ _________________