Қаржы мониторингі субъектілеріне қылмыстық жолмен
алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және
терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы
даярлау және оқыту бойынша қойылатын
талаптарды бекіту туралы
«Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 8-тармағына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні
|
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
Министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі
|
Бұйрықпен бекітілген |
Қаржы мониторингі субъектiлерiне қылмыстық жолмен алынған
кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді
қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы даярлау
және оқыту бойынша қойылатын талаптар
1-тарау. Жалпы ережелер
1) оператор – «Мемлекеттік қызмет персоналын басқару ұлттық орталығы» акционерлік қоғам базасында субъектілердің тестілеуді өткізуге жауапты қызметкері;
2) Орталық – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы
31 желтоқсандағы қаулысына сәйкес айқындалған «Мемлекеттік қызмет персоналын басқару ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы;
3) субъектілер – өз қызметін жеке-дара жүзеге асыратын қаржы мониторингі субъектілері және КЖ/ТҚҚ саласындағы заңнаманы сақтаумен байланысты функцияларды жүзеге асыратын қаржы мониторингі субъектісінің қызметкерлері;
4) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі.
Тестілеу субъектілердің оқу процессінде зерделенген материалды зерделеуді растау мақсатында субъектілер тестілеуден өткен күннен бастап
3 (үш) жылда 1 (бір) реттен кем емес кезеңділікпен Орталық пен оның аумақтық бөлімшелерінің базасында тестілеуден өтеді.
Тестілеу нәтижелерінің қолданылу мерзімі аттестаттаудан өткен сәттен бастап 3 (үш) жылды құрайды.
Осы Талаптар қолданысқа енгізілген сәттен бастап келесі 2 (екі) жыл ішінде барлық субъектілер тестілеуден өтеді.
2-тарау. Қаржы мониторингі субъектілерін даярлау және
оқыту бағдарламасы
1) Қазақстан Республикасының КЖ/ТҚҚ саласындағы нормативтік құқықтық актілерін және КЖ/ТҚҚ саласындағы халықаралық стандарттарды зерделеуді;
2) субъектілер өздерінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде ішкі бақылау қағидаларын және оларды жүзеге асыру бағдарламаларын зерделеу, сондай-ақ «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 214-бабымен белгіленген КЖ/ТҚҚ туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орныдамағаны үшін жауапкершілік шараларын зерделеуді;
3) КЖ/ТҚҚ туралы Заңының 4-бабының 5-тармағына сәйкес қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландыру типологияларын, схемалары мен тәсілдерін, сондай-ақ
іс-жүзінде қолданылатын күдікті операцияларды анықтау белгілерін зерделеуді қамтиды.
Қосымша оқытуды КЖ/ТҚҚ туралы Заңының 11-бабына сәйкес бекітілген ішкі бақылау қағидаларын сақтауға жауапты субъектімен
(өз қызметін жеке-дара жүзеге асыратын субъектілерді қоспағанда) мынадай жағдайларда жүргізеді:
Қазақстан Республикасының КЖ/ТҚҚ саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілері өзгерген және жаңасы күшіне енген кезде;
субъект КЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылаудың жаңа ережелерін және оны жүзеге асыру бағдарламаларын бекіткен немесе қолданыстағыларын өзгерткен кезде.
жоғарғы білімінің болуы;
КЖ/ТҚҚ саласында 5 (бес) жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы;
КЖ/ТҚҚ саласында оқудан өткендігі туралы сертификаттардың болуы.
3-тарау. Қаржы мониторингі субъектілерінің оқудан және
тестілеуден өтуін есепке алу
Субъекті қызметкерінің оқу бағдарламасынан өткенін растайтын құжаттар қызметкердің жеке ісіне тігіледі.