СОВМЕСТНЫЕ ПРИКАЗ МИНИСТРА ФИНАНСОВ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН И ПОСТАНОВЛЕНИЕ ПРАВЛЕНИЯ НАЦИОНАЛЬНОГО БАНКА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

 

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы министрі БҰЙЫРАДЫ және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын жекелеген ұйымдар үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы
    № 518 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 236 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10215 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 27 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен және қаулымен бекітілген Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын жекелеген ұйымдар үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарда:

15-тармақтың екінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) «Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары қызметінің және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, акционерлік инвестициялық қорлар және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің мақсаттары үшін офшорлық аймақтардың тізбесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 24 ақпандағы № 8 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20095 болып тіркелген) сәйкес Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары қызметінің және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, акционерлік инвестициялық қорлар және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің мақсаттары үшін офшорлық аймақтар тізбесіне енгізілген шет мемлекеттер (аумақтар);»;

16-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) қолма-қол шетелдік валюталарды айырбастау пунктері арқылы 3 000 000 теңгеден асатын сомада не 3 000 000 теңге баламасынан асатын шетел валютасындағы соманы сатып алу, сату, айырбастау бойынша операциялар;»;

24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«24. Клиентті сәйкестендіру (бенефициарлық меншік иесін анықтау) барысында ұйым КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 12-бабына сәйкес алынатын терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты тұлғалардың және ұйымдардың тізбесінде және ҚЖ/ТҚҚ туралы Заңның 12-1 бабына сәкес жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде (бұдан әрі – Тізбелер) осындай клиенттің (бенефициарлық меншік иесінің) болуына тексеру жүргізеді.

Шетелдіктерге, ұйымда шет мемлекеті азаматтығының болуы туралы мәліметтер болған өзге де адамдарға, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдарға қатысты ұйым клиентті сәйкестендіру (бенефициарлық меншік иесін анықтау) барысында осындай клиенттің (бенефициарлық меншік иесінің) шетелдік жария лауазымды адамға жататынын тексереді.»;

26-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің Тізбелерде болуын тексеру тәртібі;»;

30-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) «Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектігі № 938 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21340 болып тіркелді) бекітілген күдікті операцияны ақындау белгілері негізінде жасалған, сондай-ақ ұйым дербес әзірлеген күдікті операциялар белгілерінің тізбесі;».

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бірлескен бұйрық пен қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бірлескен бұйрық пен қаулы ресмины Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы бірлескен бұйрық пен қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бастап он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметы департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бірлескен бұйрық пен қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

 

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРІНІҢ БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҒЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ
Дата публикации
22 января 2021