«Қамтамасыз етілген цифрлық активтердің аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының м.а. 2024 жылғы 30 қазандағы № 5 бұйрығы және «Қамтамасыз етілген цифрлық активтердің аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының м.а. 2024 жылғы 30 қазандағы № 5 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 11 желтоқсандағы № 20 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының                                 27-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Қамтамасыз етілген цифрлық активтердің аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының м.а. 2024 жылғы 30 қазандағы № 5 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35311 болып тіркелген);
  2. «Қамтамасыз етілген цифрлық активтердің аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының м.а. 2024 жылғы 30 қазандағы № 5 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 11 желтоқсандағы № 20 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37662 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
  3. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Жедел талдау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының бірінші орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы

Ж. Элиманов

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Жасанды интеллект және

          цифрлық даму министрлігі

Дата публикации
23 апреля 2026