Батыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Б.Жұмағазиев ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау және бюджет қаражатын мақсатсыз пайдаланудың алдын алуға арналған «Заң мен Тәртіп» телевизиялық бағдарламасына қатысты.
Эфир барысында агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау шаралары, субсидиялар мен жеңілдетілген кредиттер беру тәртібі, сондай-ақ оларды заңсыз алу және пайдалану жауапкершілігі талқыланды.
Бюджет қаражатын ұрлауға жол бермеуге, субсидиялар алу үшін бұрыс мәліметтер беруге және кредиттік қаражатты нысаналы мақсатқа сай жұмсамауға ерекше назар аударылды.
Б.Жұмағазиев ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдауды ашық және заңды түрде пайдаланудың маңыздылығын атап өтті.
Департамент қаржылық құқық бұзушылықтардың алдын алу және өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға бөлінетін бюджет қаражатын қорғау бойынша жұмысты жалғастыруда.
Экономикалық тергеп-тексеру департаментінде БҚИТУ ЖОО-ның бірінші курс студенттері үшін ашық есік күні өткізілді. Бұл кездесу жаңа форматта, яғни Департаменттің жас қызметкерлерімен ашық диалог форматында өтті.
Кездесудің басты мақсаты — еркін әрі ашық диалог құру. Ресмиліксіз, күрделі терминдер мен ұзақ дәрістерсіз. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын еркін қойып, қысылмай пікір алмаса алды.
Кездесу барысында заңгерлік мамандық, құқық қорғау органдарындағы қызмет, жас мамандардың кәсіби жолы және Департамент жұмысының ерекшеліктері туралы әңгіме өрбіді.
Сұрақ көп болды — демек, кездесу шынымен де қызықты әрі пайдалы өтті. Мұдай кездесулер студенттерге біріні курстан бастап болшақ мамандығын түсінуге өз үлесін қосады.
Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы А.Ғ. Әбенов және басшының орынбасары Ж.С. Кенжебаев «Заң және Тәртіп» қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысына қатысты.
Отырыс барысында құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ қаржы пирамидалары мен киберқылмысқа, оның ішінде интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды.
Қаржы пирамидалары мен дропперлікке қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар мәселесі жөнінде ЭТД басшысының орынбасары баяндама жасады. Өз сөзінде ол отырысқа қатысушыларды жүргізіліп жатқан жұмыстар, өзекті тәуекелдер және қабылданып жатқан профилактикалық шаралар туралы хабардар етті.
Отырыс қорытындысы бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылдың алдағы бағыттары айқындалып, профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған шаралар әзірленді.
Батыс Қазақстан облысында «Заң мен тәртіп» нарративі аясында Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының зейнеткерлерімен кездесу өткізді. Іс-шараның негізгі тақырыбы азаматтарды интернет-алаяқтықтан қорғау мәселелері болды.
Кездесу барысында қатысушыларға интернеттегі алаяқтықтың кең таралған түрлері және оларды анықтау жолдары туралы ақпарат берілді.
Қызметкерлер сондай-ақ жасанды интеллект көмегімен жасалған жалған бейне және аудиожазбаларды – дипфейктерді – шынайы материалдардан ажырату жолдарын айтып берді. Қатысушыларға әлеуметтік желілердегі құпиялылық ережелерін сақтау және интернетте бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасағанда сақ болу қажеттігі ескертілді.
Бұдан бөлек, күмәнді қоңыраулар мен хабарламалар түскен жағдайда қандай әрекет жасау керектігі түсіндіріліп, азаматтардың келісімінсіз несие рәсімдеуді шектеуге мүмкіндік беретін «Стоп-кредит» қызметінің жұмысы таныстырылды.
ҚазИТУ университетінің алаңында бірінші курс студенттері үшін құқық қорғау және өзге де бейінді органдар өкілдерінің қатысуымен ақпараттық-профилактикалық кездесу өтті.
Іс-шараға Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілдері, сондай-ақ психолог пен теолог қатысты. Кездесу барысында Департамент қызметкері Қаржылық мониторинг агенттігінің және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметі туралы айтып берді. Сонымен қатар бірінші курс студенттеріне дропперлік, оның түрлері және заңсыз схемаларға қатысудың салдары түсіндірілді.
Сондай-ақ мамандар студенттерге жеке және қоғамдық қауіпсіздіктің негізгі ережелері, заңнаманы сақтаудың маңыздылығы, құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік және әртүрлі өмірлік жағдайларда саналы әрі жауапты мінез-құлық танытудың қажеттілігі туралы айтып берді.
Құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алуға, қоғамдық орындар мен интернет кеңістігіндегі қауіпсіздікке, сондай-ақ жастардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінді.
«Заң және тәртіп» нарративі аясында Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері «Батыс Қазақстан машинақұрау зауыты» АҚ ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында қаржылық қауіпсіздік, құқық бұзушылықтардың алдын алу, көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл және қаржылық сауаттылықты арттыру мәселелері талқыланды. Қатысушыларға заң талаптарын сақтау мен күмәнді қаржылық операцияларға жол бермеудің маңыздылығы түсіндірілді.
Заңды сақтау – қоғамның тұрақты дамуы мен экономикалық қауіпсіздіктің басты негізі.
2026 жылғы 3 қыркүйекте «Атамекен» өнер ордасында «Сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейтудегі мемлекеттік органдардың рөлі» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Әмір Досжан Сарманқұлұлы, облыс әкімі, Батыс Қазақстан облысының құқық қорғау және мемлекеттік органдарының бірінші басшылары, сот жүйесінің, әділет органдарының, адвокаттар қауымдастығының, сондай-ақ білім беру мекемелерінің өкілдері қатысты.
Конференция жұмысына Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Әбенов А.Ғ. және оның орынбасары Кенжебаев Ж.С. қатысты.
Департамент басшысының орынбасары баяндама жасап, мемлекеттік тілдің маңызды рөліне, соның ішінде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу барысында мемлекеттік тілді қолданудың маңыздылығына тоқталды.
Іс-шара аясында пікір және практикалық тәжірибе алмасу өтіп, мемлекеттік тілді қолдану аясын одан әрі кеңейту, процестік құжаттарды дайындау сапасын арттыру және мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелері талқыланды.
Конференция қорытындысы бойынша Департамент басшысының орынбасары белсенді қатысқаны және мемлекеттік тілді дамыту мен насихаттауға қосқан үлесі үшін Алғыс хатпен марапатталды.
Қазталов ауданының Аудандық балалар шығармашылық және жаңа технологиялар орталығында БҚО бойынша ЭТТД бастамасымен «Біз және қаржылық қауіпсіздік » акциясы ұйымдастырылды.
Акция барысында балаларға қаржылық сауаттылықты арттыру, алаяқтықтан сақтану, жеке деректерді қорғау және қаржыны тиімді басқару бойынша пайдалы ақпарат берілді.
Түрлі ойындар мен танымдық тапсырмалар арқылы қатысушылар қаржылық қауіпсіздік ережелерін меңгеріп, күнделікті өмірде кездесетін алаяқтық әрекеттерден қорғану жолдарын үйренді.
Іс-шара балалардың қаржылық сауаттылығын арттырып, қауіпсіз қаржылық мінез-құлық қалыптастыруға бағытталды.
«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға
жалпы конкурс туралы хабарландыру
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Батыс
Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 03.08.2026 - 04.08.2026
Қабылдау 1 этап: 03.08.2026- 04.08.2026
Қабылдау 2 этап: 05.08.2026
Эссе: 06.08.2026
Сұхбат: 10.08.2026
Анықтама телефоны: 87770619919
C-O-3 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 380391.5
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне
байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Батыс
Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің
әкімшілік басқармасының басшысы, C-O-3 (Лауазым мәртебесі: Бос)
Функционалдық міндеттері:
1.Департаментті жоғары білікті мемлекеттік қызметкерлермен
жиынтықтау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, тұрақты ұжымды
қалыптастыру, оның сапалы құрамын тұрақты түрде жақсартып отыру және
аталған сұрақ бойынша жәрдем көрсету.
2.Департаменттің құрамын жетілдіру бойынша ұсыныстар өніміне қатысу.
3.Өз құзіреті шегінде нормативті құқықтық актілерді әзірлеуге ат салысу.
4.Басқарма қызметінің жұмысын жоспарлауға және жалпы басшылық
жасауға, Басқарма қызметкерлерінің міндеттерін және өкілеттік тобын
айқындау; басшылықтың тапсырмаларын сапалы орындауды ұйымдастыру;
Басқарманың құзіретіне енетін сұрақтар бойынша ұсыныстарды департамент
қарауына ұсыну; Басқарманың жұмысын оңтайлы ұйымдастыруды жүзеге
асыру; Басқарманың жұмыскерлерінің қызметтеріне әдістемелік басшылық
жасау; Басқармаға келіп түскен құжаттамаларды жедел түрде қарастыруды
қамтамасыз ету; Департамент басшылығымен өткізілетін жиналыстарға қатысу.
5.Департаменттің лауазымды тұлғаларының және қызметкерлерінің
біліктілігін арттыру, қайта даярлау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.
құпия құжаттамамен жұмыс
өткізілуін бақылау
8.Департамент органының әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерінің
тарапынан заңсыз істерді және лауазымдық заң бұзушылықтарды, сыбайлас
жемқорлықты тоқтату және алдын-алу, анықтау, қызметтік тергеу жүргізу.
9.Қорларды тиімді пайдалану бойынша және басқарушылық шешімдерді
қабылдау бойынша ведомстволық бақылауды қамтамасыз ету.
асыру және мемлекеттік органдар жүргізетін тексерулер мәселелері бойынша
Департамент қызметінің мониторингін, анықталған бұзушылықтарды жою
жөніндегі іс-шараларды әзерлеу. Басқарманың әкімшілік қызметкерлерінің
әрекеті (әрекетсіздігі) бойынша әкімшілік қызметкерлерге қызметтік тергеу
және тексеру жүргізуге.
11.Кіріс және шығыс құжаттарын уақытылы қарау.
12.Лауазымдық міндеттері мен құзыретіне сәйкес, басшылықтын өзге де
тапсырмаларын орындау.
жүргізеді, оларды уақытылы жауап дайындауды қамтамасыз етеді.
сақтайды.
құралдарына бөлімнің жұмысына қатысты ақпаратты орналастыруды
қамтамасыз етеді.
Қосымша талаптар:
Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) басшысы үшін
персоналды басқару жөніндегі сертификаттың (HR саласындағы
сертификаттың) немесе персоналды басқару саласындағы білімі туралы
құжаттың болуы талап етіледі.
Білімі бойынша талап:
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: құқық, экономика,
қаржы, бухгалтерлік есеп және аудит, государственное и местное управление
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық,
жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану,
адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім
қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның
штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5,
B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан
төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық
деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе
Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының
жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья
лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес
салаларда үш жылдан кем емес.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот
тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдана алады.
Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкері А.Төлегенова «Aqjaiyq» телеканалында тікелей эфирде шыққан «Күншуақ» бағдарламасына қатысты. Тікелей эфирге сонымен бірге
финансист А.Изтлеуова, психолог А.Тореева және кәсіпкер Д.Шукеева қатысты.
Бағдарлама барысында қатысушылар қаржылық сауаттылықтың маңыздылығы мен қаржылық қауіпсіздіктің негізгі қағидаларын талқылады. Көрермендерге жинақтарын қорғау, банк қызметтерін қауіпсіз пайдалану, алаяқтық схемаларын тану және қаржылық шешімдерді саналы қабылдау жөнінде түсіндірілді.
Спикерлер қарапайым сақтық шараларын сақтау, күмәнді ұсыныстарға сын көзбен қарау және қаржылық сауаттылық деңгейін үнемі арттыру қаржылық тәуекелдердің алдын алып, жеке қаражатты қорғаудың маңызды тетігі екенін атап өтті.