🔰Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінде Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының қатысуымен пресс-шара өткізілді .

🔰Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінде Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының қатысуымен пресс-шара өткізілді .

◾️Батыс Қазақстан облысы бойынша Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Батыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті мен заңсыз кәсіпкерлікке қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша брифинг өтті.
Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысы Асылбек Әбілхайырұлы Дүйсенов бұқаралық ақпарат құралдары на заңсыз кәсіпкерліктің жолын кесу бойынша қолданылып жатырған шаралар туралы ақпарат берді. Экономикалық қылмысқа қарсы күресте қаржылық бақылау органдары маңызды рөл атқарады. Соңғы 3 жылдағы статистика экономикалық саладағы заң бұзушылықтардың жыл сайын анықталып жатқанын көрсетеді, бұл қылмыстық көлеңкелі әрекеттердің жандануы мен өсуіне аса қолайлы жағдай туғызады.
❗️Соңғы 3 жылда департаментпен 100-ден астам экономикалық қылмыстық құқық бұзушылықтар тергелсе, оның ішінде заңсыз кәсіпкерлік фактілері бойынша 14 қылмыстық іс тіркелген.
Негізінен бұл алкоголь және темекі өнімдері түріндегі акцизделетін тауарларды тасымалдаумен, сақтаумен және сатумен байланысты заңсыз кәсіпкерлік қызметті тіркеусіз жүзеге асыру болып табылады.