🔰БҚО бойынша ЭТД «БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі» алаңында «Азаматтарды қаржылық пирамидадан қорғау мәселелері туралы» тақырыбына брифинг өткізді.
БҚО бойынша ЭТД басшысының орынбасары Н.Ж. Рахметов экономикалық тергеп-тексеру қызметінің жалпы жұмысы туралы әңгімелей отырып, қаржы пирамидаларымен күресу бойынша жүргізілген алдын алу шаралары мен жүргізілген жұмыстардың нәтижелері туралы ақпарат берді, және қаржылық пирамидасының қылмыс екенін және оған қатысу азғындық екенін есте ұстаған жөн екендігін еске салды.