
📍Кеңесті Агенттік төрағасы Дмитрий Малахов жүргізді, оған Қаржы министрі Мәди Такиев пен Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров қатысты.
📍Кеңес барысында халыққа отынның маусымдық қымбаттауы мен тапшылығына жол бермеу үшін өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. ҚМА ішкі нарыққа отын жеткізетін үш ірі көмір өндіруші кәсіпорынға талдау жүргізіп, жеке тұлғалар үшін көмірдің бағасын негізсіз қымбаттату және өнімсіз делдалдыққа байланысты тәуекелдерді анықтады. Кейбір жағдайларда негізгі бағадан бірнеше есеге өсіп кеткен.
📍Сонымен қатар, ҚМА Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп, салықтық міндеттемелерді орындау және салық төлеуден жалтару үшін шығындарды жасанды түрде көбейту бойынша көмір өндіруші кәсіпорындарға тексеріс жүргізіліп жатыр.
📍Тағы бір маңызды мәселе — мемлекеттік мекемелердің көмірді қымбат бағамен сатып алуы. Тараптар бюджет шығындарын азайту шараларын әзірлеуге бағытталып отыр. ҚМА төрағасы Дмитрий Малахов жыл сайын күзде жылыту маусымы кезінде халық пен мемлекеттік мекемелер үшін отынның қымбаттауы және тапшылығы байқалатынын атап өтті. Сонымен қатар, түпкілікті тұтынушы үшін бағаға теріс әсер ететін “өнімсіз” делдалдармен «сұр» схемалар жалғасуда.
«Біз бұл мәселелерді бірлесе шешуіміз керек. Біздің ведомствоаралық жұмыс тобымыз белсенді жұмыс істеуде, іс-шараларды егжей-тегжейлі көрсететін Жол картасына қол қойылды, онда әрбір органның рөлі, мақсаттары мен міндеттері айқындалған», - деді ол.
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мәліметі бойынша, Қазақстандағы коммуналдық-тұрмыстық көмір нарығы жоғары шоғырланған болып табылады. Монополиялық жоғары бағалардың белгілері анықталды.
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жағдайды тұрақтандыру үшін ҚМА және Қаржы министрлігімен бірлесіп, бірқатар жүйелі шаралар қабылдауды жоспарлап отыр.
📞 Call-center:1458
@afm_rk
___________________________
Instagram | Facebook | TikTok