Қоғамдық-патриоттық форум

Қоғамдық-патриоттық форум

Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері Батыс Қазақстан облыстық «AMANAT» партиясы филиалы ұйымдастырған қоғамдық-патриоттық іс-шараға қатысты.

Іс-шара көрнекті қолбасшы, батыр Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналды.

Форум аясында патриоттық құндылықтарды, азаматтық жауапкершілік пен бірлікті нығайтуға бағытталған мазмұнды бағдарлама өтті. Форумға қатысушылар тарихи жадыны сақтау мен ұрпақтар сабақтастығының маңыздылығын атап өтті.

Осындай іс-шараларға қатысу дүниетанымды кеңейтуге, қоғамдық диалогты нығайтуға және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға ықпал етеді.